Жарғылық капиталдың абсолюттік шамасы және оның баланстың
меншікті капитал және міндеттемелер бөлімінің (пассивінің) жалпы
жиынтығындағы алатын үлесі – кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығын бейнелейтін маңызды көрсеткіш.
Резервтік капитал
-
заңдық-нормативтік және құрылтай құжаттарына
сәйкес кәсіпорынның жарғылық қызметі барысында жоспарланбаған
шығындардың орнын жабу мақсатында таза табыстың есебінен құрылатын
кәсіпорынның қаражаты.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
бұл – кәсіпорынның таза табысы, ол
кәсіпорынның табысынан шығысын және заңды тұлғалардан ұсталынатын
табыс салығын шегергеннен кейінгі қалатын сома.
Меншікті капитал есебінің негізгі міндеттері:
-
меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру мен жүргізуде меншікті
капиталды құру және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының
заңдық - нормативтік актілерін сақтау;
-
меншікті капиталдың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды және
операцияларды уақытылы және дұрыс бейнелеу;
-
меншікті капиталдың пайдаланылуын бақылау.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарына
Достарыңызбен бөлісу: