ДТ КТ
54100 «
Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 45 000
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 45 000
Кейбір кәсіпорындарда есепті жылдың табысы болмаған немесе жеткіліксіз
болған жағдайда серіктестік қатысушыларына табысты төлеу резервтік капитал
қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Мысалы, «ГүлЖанң жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі 2000 жылы қатысушыларына (құрылтайшыларына) 150000
теңге көлемінде табыс есептеді делік. Ал 2000 жылы алынған 100000 теңге таза
табыс көлемі жеткіліксіз болып отыр, сондықтан кәсіпорын жетіспеген 50000
теңгені 1999 жылы құрылған резервтік капиталдың қаржылары есебінен төледі,
бұл операция келесі шоттар корреспонденциясымен бейнеленеді:
ДТ КТ
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң, 50 000
3390 «
Басқадай кредиторлық борыштарң 50 000
Өткен есепті мерзімдерде құрылған резервтік капитал қаржылары есебінен
осы есепті жылда кәсіпорынның шеккен зияны жабылу мүмкіндіктері де
қарастырылуы мүмкін. Мысалы, «Нұрң жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі
есепті 2000 жылы 50000 теңге көлемінде зиян шекті, құрылтайшылардың
шешімі бойынша бұл зиян 1999 жылы құрылған
резервтік капиталдың
қаржылары есебінен жабылды, бұл операция төмендегі шоттар
корреспонденциясы арқылы бейнеленеді:
ДТ КТ
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 50 000
54100 «
Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 50 000
Сондай-ақ, резервтік капиталдың қаржылары
есебінен өткен жылдардың
зияны жабылуы мүмкін. Мысалы, «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1999
жылы 25000 теңге көлемінде зиян шекті делік, ол зиян 54600 «Өткен
жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)ң шотында есепке алынды,
есепті 2000 жылда алынған таза табыстың
есебінен құрылған резервтік
капиталдың қаржылары есебінен өткен жылдың жабылмаған зиянын жабу
жөнінде кәсіпорында шешім қабылданды, бұл
операцияға мынадай шоттар
корреспонденциясы орындалады:
ДТ КТ
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 25 000
54600 «
Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 25 000
322
Резервтік капиталдың Заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерінен артық
(
жоғары) құрылған резервтік капиталдың есебі жеке есепке алынуы тиіс, ол
5450 «
Басқадай резервтік капиталң шотында жүргізіледі. 5410-ші шот бойынша
орындалатын шоттар корреспонденциясы 5460 шотқа ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: