Принциптері


Акционерлік қоғамның резервтік капиталының есебі



Pdf көрінісі
бет185/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Акционерлік қоғамның резервтік капиталының есебі 
Акционерлік қоғамдардың резервтік капиталының шамасы оның 
белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуге жататын құрылтай 
құжаттарында (жарғысында, құрылтай келісім шартында) анықталады. Осы 
құжаттарда есепті жылдың табысын бөлу (яғни табыстан резервтік капиталдың 
жасалыну тәртібі) айқындалады.
Акционерлік қоғам қызметінің міндетті шарты - есепті жылдың табысы 
болмаған жағдайда немесе ол жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшыларға 
дивиденд төлеу үшін, сондай-ақ басқадай мүмкіндік болмаған жағдайда 
баланстық зиянды жабу үшін есепті жылдың бөлінбеген пайдасы есебінен 
резервтік капиталды құру болып табылады.
Акционерлік қоғамның резервтік капиталының есебі 5410 «Резервтік 
капиталң бөлімшесінің төмендегі пассивті шоттарында жүргізіледі: 
5410 «Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 
5460 «Басқадай резервтік капиталң 
Резервтік капитал жарғыда анықталған шама мөлшеріне жеткенше жыл 
сайынғы бөлінбеген табыстан есептелініп отырады. Акционерлік қоғамның 
резервтік капиталының есебі алдында қарастырылған серіктестіктердің 
резервтік капиталының есебіне ұқсас. 
Акционерлермен дивиденд бойынша есеп айырысу операцияларының есебі
Акциялар бойынша дивиденд есепті жылдың бөлінбеген таза табысы 
есебінен төленеді.
Акционерлік жиналыс таза табысты жұмсау тәртібі мен бағытын анықтап, 
акционерлерге төлеуге тиісті соманы бөледі, бір қарапайым акцияға төленетін 
дивиденд мөлшерін бекітеді.
Таза табыс жетіспеген жағдайда акционерлер жиналысы резервтік 
капиталдың есебінен немесе басқа көздерден дивиденд төлеу шешімін 
қабылдайды.
329 


Мысалы, аталмыш акционерлік қоғам өз акционерлеріне есепті жылдың 
бөлінбеген таза табысынан 5800 теңге көлемінде дивиденд төлеуге шешім 
қабылдады, бұл операцияға мынадай шоттар корреспонденциясы анықталады:

ДТ КТ 
54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(жабылмаған зияны)ң 5800
3030 «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысуң 5000

3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп
айырысуң 800 
Акционерлік қоғамда дивиденд табыс салығы төленген соң есептеледі.
Таза табыс жетіспеген жағдайда дивиденд басқа көздерден төленеді. Оған 
бухгалтерлік есепте мынадай шоттар корреспонденциясы анықталады:
1.
Егер акционерлік қоғам дивидендті резервтік капитал есебінен төлеген 
жағдайда-6500 теңге сомасына: 

ДТ КТ 
55 «Резервтік капиталң бөлімше шоттары 6500

3030 «Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп
айырысуң 6500 
2.
Егер дивиденд өткен жылдардың бөлінбеген табысы есебінен төленген 
жағдайда-26000 теңге сомасына:

ДТ КТ 
562 «
Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 26000 
3030 «
Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысуң 20000
3030 «
Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп
айырысуң 6000 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет