Принциптері



Pdf көрінісі
бет188/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 
11-
ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ 
ПРИНЦИПТЕРІ
11.1. Қаржылық қорытынды есеп берудің маңызы және оны
дайындап-тапсыру тәртібі....................................................................332 
11.2.Бухгалтерлік баланс..............................................................................333 
11.3. Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есеп....................................................................................340 
11.4. Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп..........342 
Өз білімін тексеру сұрақтары........................................................................349 
Өзіндік жұмысты орындау үшін берілген тапсырма....................................349 
334 


11.1 
Қаржылық қорытынды есеп берудің маңызы және оны дайындап-
тапсыру тәртібі 
 
Қаржылық қорытынды есеп беру
деп - кәсіпорынның (шаруашылық 
жүргізуші субъектінің) өткен кезеңдегі қызметінің жағдайы мен нәтижесін 
сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің 
шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған 
мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып 
табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі. 
Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп 
жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің 
мәліметтері 
бойынша 
кәсіпорынның 
қаржы-шаруашылық 
қызметі 
қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық 
қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл 
көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір-бірімен тығыз байланысты болуы
есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды 
есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы 
қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың 
Концептуалдық негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп 
жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық 
жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік-құқықтық 
құжат 
болып 
табылатын 
бухгалтерлік 
есеп 
стандарттарымен 
айқындалатындығы атап көрсетілген. 
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және 
оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін 
қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған 
жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап 
ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі 
қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне, 
құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына тіркелген 
жерінде, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына - олардың құзіретіне 
сәйкес тапсырады. 
Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен 
жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі - мың теңге. 
Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және 
дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол 
қояды.
Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 
сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім шегінде 
335 


қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, 
бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс. 
Жылдық қаржылық қорытынды есеп үшін есепті кезең болып 1 қаңтардан 
31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады.
Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік 
тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталды. 
Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі 
жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді. 
Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есебі оларды пайдаланушылар 
үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды 
есептің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз 
аудиторлық қорытындымен расталады. 
Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас 
бөліктері болып табылады.
Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден 
тұрады: 
1.
Бухгалтерлік баланс 
2.
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп
3.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп
4.
Капиталдағы қозғалыс жөніндегі қорытынды есеп 
5.
Қаржылық қорытынды есепке түсіндірме хат. 
Төменде субъектінің қаржылық есептері тереңірек қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет