Принциптері


Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянының) есебі



Pdf көрінісі
бет178/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Есепті жылдың бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянының) есебі 
 
Бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) есебін жүргізу үшін 5500 
«Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)ң бөлімшесінің мынадай синтетикалық 
шоттары пайдаланылады: 
311 


5510 
«Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)ң, 
5520 
«Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)ң. 
Есепті жылдың бөлінбеген пайдасының (жабылмаған зиянының) есебі 5510 
«Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)ң шотында 
жүргізіледі. Бұл шотта есепті жылда алынған бөлінбеген табыс немесе 
жабылмаған зиян сомасының бары мен олардың қозғалысы жөніндегі 
ақпараттар жинақталады. 
5510 
шотқа есепті жылдың аяғында есепті жыл ішінде жинақталған 
табыстың немесе зиянның сомасы көшіріледі. Бұған мынадай шоттар 
корреспонденциясы анықталады: 
а) Жоғарыда келтірілген «ГүлЖанң жауапкершілігі шектеулі 
серіктестігінде есепті жылдың нәтижесі бойынша алынған таза табыстың 
(пайданың) сомасына – 100 000 теңге:


ДТ КТ
5610 «
Жиынтық табыс (зиян)ң 100 000
5510 
«Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы

(жабылмаған зияны)ң 100 000

ә) Ал, мысалы, «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2000 жылдың 
қаржылық нәтижесін 50 000 теңге зиянмен аяқтады делік, яғни есепті жылда 
шеккен зиянның сомасына:

ДТ КТ
54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 50 000
541000 «
Жиынтық табыс (зиян)ң 50 000 
 
Егер «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің кәсіпкерлік 
қызметінен шеккен зиянды жабуға алдыңғы жылдары құрылған резервтік 
капиталдың қаржыларын пайдаланған болса, ол мынадай бухгалтерлік жазу 
арқылы көрсетіледі: 

ДТ КТ 
5460 «Басқадай резервтік капиталң 50 000

54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 50 000 
Бөлінбеген табысты көбейтуге негізгі құралдарды және ұзақ мерзімді 
инвестицияларды қайта бағаланудан (индекстеуден) алынған қаржылар 
пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, «ГүлЖанң жауапкершілігі шектеулі 
серіктестігі меншікті негізгі құралдарына 8000 теңге сомасына қайта бағалау 
жүргізді делік. Оған мынадай шот корреспонденциясы анықталады: 

ДТ КТ 
5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған

қосымша төленбеген капиталң 8 000

54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 8 000 
312 


54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)ң шотының 
дебеті бойынша төмендегі шаруашылық операциялары көрсетіледі: 
1.
Мысалы, «ГүлЖанң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алынған 
100000 теңге таза табысынан құрылтай құжаттарында белгіленген 
мөлшерде резервтік капиталды құруға 56 000 теңге аударым жасады 
делік:

ДТ КТ 
54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 56 000 
5410 «Резервтік капиталң бөлімшесінің шоттары 56 000 
 
2. Шаруашылық серіктестіктердің қатысушыларына табыс төлеуге 
жұмсалатын есепті жылдың бөлінбеген табысының сомасына, мысалы, 
«ГүлЖан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде оның құрылтайшысының 
біріне - Бекжұманова Гүлсараға 55 000 теңге табыс бөліп таратылды делік, онда 
бұл операцияға мынадай шоттар корреспонденциясы орындалады: 

ДТ КТ 
54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 55 000 
3390
 
«Басқадай кредиторлық борыштарң 55 000 
Есепті жылдың аяғында бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) 
сомасы өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны) шотына 
көшіріледі: 
а) Егер «ГүлЖанң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржы 
шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған бөлінбеген табысты өткен 
жылдардың бөлінбеген табысы шотына көшірсе – 100 000 теңге сомасына: 

ДТ КТ 
54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 100 000 
54600 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 100 000
ә) Ал, «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржы шаруашылық 
қызметі нәтижесінде алынған жабылмаған зиянды өткен жылдардың 
жабылмаған зияны шотына көшірді делік – 50 000 теңге сомасына: 

ДТ КТ 
54600 «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 50 000
313 



54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 50 000 
Жоғарыда келтірілген бухгалтерлік жазудан кейін 54100 шот бойынша 
қалдық қалмауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет