Принциптері


Серіктестіктегі (акционерлік қоғамнан басқа) капиталдың есебі



Pdf көрінісі
бет176/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Серіктестіктегі (акционерлік қоғамнан басқа) капиталдың есебі 
 
C
еріктестіктегі жарғылық капиталдың есебі 
Сонымен, шаруашылық серіктестік ретінде - жарғылық капиталы 
құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген ұйым 
танылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары есебінен 
құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктің қызметі барысында өндіріліп 
алынған мүлікті иелену құқығы серіктестікке тиесілі болады.
Серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтай келісім шартында белгіленген 
мөлшерде, құрылтайшылардың салымдарының негізінде құрылады.
Серіктестік капиталының бухгалтерлік есебі жалғыз ғана меншік иесінің 
бухгалтерлік есебін жүргізуге өте ұқсас келеді. Бірақ оның басты ерекшелігі – 
салынған капиталдың, қайтарып алынған капиталдың және қатысушылар 
арасындағы табыстың бөліп таратылуының есебі серіктестіктің әрбір 
құрылтайшысы бойынша жеке шот ашу арқылы жүргізіледі. 
Бухгалтерлік баланстың «Салымдар мен пайларң бабында осы шот 
бойынша ашылған аралық шоттардың қалдықтары жеке көрсетілуі тиіс.
Құрылтайшылардың серіктестіктің жарғылық капиталына қосқан үлесі 
ретінде ақша қаражаттары, материалдық емес активтер, ноу-хау, негізгі 
құралдар жерді пайдалану құқығы және басқа активтер қабылдануы мүмкін.
Салым ретінде қабылданатын активтер серіктестікке берілу күнінде сол күнгі 
әділетті нарықтық бағасымен
бағалануы тиіс. 
Жарғылық капиталдың бары мен қозғалысының есебішоттар жоспарының 
5000 «Жарғылық капиталң бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімше 
шоттары пассивті, күрделі болып табылады. Бұл шоттарда тек меншік иелерінің 
шешімі бойынша құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін 
ғана жарғылық капиталдың көбеюі немесе азаюы бойынша бухгалтерлік 
жазулар орындалады. 
5000 «Жарғылық капиталң бөлімшесінің шоттары бойынша қалдық, егер 
кәсіпорын өзінің жарғылық капиталын толық құраған болса, құрылтай 
құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталдың мөлшеріне сәйкес болуға 
тиісті. 
Түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталының 
көлемі, жоғарыда атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының заңдық 
құжаттарымен шектеледі. 
308 


Кәсіпорынның жарияланған капиталы бойынша құрылтайшылардың әлі 
салынбаған салымы 
төленбеген капитал
деп аталады. Төленбеген капиталдың 
есебішоттар жоспарының активті, күрделі 5110 «Төленбеген капиталң шотында 
жүргізіледі. Жарияланған жарғылық капитал толық төленген жағдайда бұл шот 
бойынша қалдық болмайды, ал егер керісінше қалдық қалса, онда бұл жарғылық 
капиталдың толық төленбегендігін білдіреді. 
Төменде 
серіктестіктің 
жарғылық 
капиталының 
құрылуының
бухгалтерлік есепте бейнеленуін мысал арқылы көрсетеміз. 
Мысалы, 
«ГүлЖанң 
жауапкершілігі 
шектеулі 
серіктестігінің 
құрылтайшылары 140 000 теңге көлемінде жарғылық капитал жариялады. 
а) серіктестіктің құрылтай келісім шартында анықталған жарғылық
капиталының сомасына мынадай бухгалтерлік жазу орындалады: 
 

ДТ КТ 
5110 «Төленбеген капиталң 140 000

5030 «Салымдар мен пайларң 140 000 
 
б) жарияланған салымдардың құны айналымнан тыс және айналымдағы
активтер түрінде төленді, бұл жағдайда келесі жазулар орындалады: 


ДТ КТ 
2730 «Материалды емес активтерң, 20 000 
2410 «Негізгі құралдарң, 80 000
1310 «Материалдарң, 30 000 
1330 «Тауарларң бөлімшелерінің шоттары 10 000

5110 «Төленбеген капиталң 140 000


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет