Принциптері


Үстемемен (сый ақымен) шығарып сатылған облигациялардың есебі



Pdf көрінісі
бет173/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Үстемемен (сый ақымен) шығарып сатылған облигациялардың есебі
Облигациялар бойынша номиналдық проценттік ставка сондай құнды қағаздар 
бойынша нарықтық проценттік ставкалардан жоғары болса, онда ол 
облигациялар номиналдық құнынан жоғарғы құн бойынша, яғни үстемемен 
(сый ақымен) шығарып сатылады. 
Мысалы, «Нұрң акционерлік қоғамы 2011 жылғы 1 шілдеде айналымға 
әрқайсысының құны 1 000 теңге болатын 3 000 облигацияны 2 жыл мерзімге, 
жылына 2 рет - 1 ақпанда және 1 қарашада төленетін 10% төлем жасау 
міндеттемесімен шығарып сатты делік. Инвестор бұл облигацияларды рынокта 
әрқайсысын 1 032 теңгеге сатып алады. Яғни, өзінің келешекте бәрібір табыс 
алатындығына және ұтылмайтындығына сенгендіктен ол облигацияның 
хабарланған номиналдық құнынан 32 теңге артық төлеп отыр. Себебі 
акционерлік қоғам облигациялар бойынша процентті орташа нарық бағадан 
артық төлейтіндігін хабарлады. 
«Нұрң акционерлік қоғамы бұл операцияларды былайша көрсетеді: 
2011 жылғы 1 шілде
 
Ағымдағы құны бойынша шығарып сатылған облигациялардың жалпы 
сомасын анықтаймыз:
а) облигациялардың номиналдық құны – 3 000 х 1000=3 000 000 
ә) үстеменің (сый ақының) құны – 32 х 3 000 = 96 000 теңге 
301 


б) шығарып сатылған облигациялардың ағымдағы құны - 
3 000 000 + 96 000 = 3 
096 000 теңге 
Шығарып сатылған облигациялардың ағымдағы құнына: 

ДТ КТ
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 096 000

4030 «Басқадай несиелер – төленуге тиісті 

облигацияларң 3 000 000 

3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 96 000 
Облигациялар бойынша үстеме (сый ақы) инвесторларға облигацияны 
жойған (жапқан) кезде қайтарылмайтындығы, облигацияның бүкіл айналымы 
кезеңінде проценттерді төлеу бойынша шығыстарды азайтуға бірқалыпты 
апарылатындығы белгілі. Үстеме мөлшері аз қалған сайын ағымдағы құн 
номиналдық құнға жақындай түседі. Және де облигацияларды жабу (жою) 
мерзімінің аяғында олардың ағымдағы құны номиналдық құнға тең болады, 
үстеме сомасы түгелдей есептен шығарылады. Облгациялардың есебін 
жүргізуде акционерлік қоғам үшін бұл сәт ең маңызды болып табылады. Себебі 
акционерлік қоғам облигациялар қозғалысының мерзімі біткеннен кейін өзінің 
инвесторларына номиналдық құн бойынша төлем жасайды.
Біздің мысалымызда сыйақы мөлшері 96 000 теңгені құрады – бұл 
акционерлік қоғамның процент төлеу бойынша шығыстарын азайтатын сома. 
Болжанған 600 000 теңгенің орнына проценттер төлеу бойынша шығыстар 
504 000 теңгені құрады.
Біздің мысалымыздың шарты бойынша облигациялар айналымының бүкіл 
кезеңінде «Нұрң акционерлік қоғамы 600 000 теңге мөлшерінде процент төлеу 
жөнінде міндеттеме қабылдады.
3 000 000*10/100*2 жыл=600 000 теңге
Бірақ шын мәнінде облигациялар 96 000 теңге үстемемен сатып-өткізілді. 
Демек, «Нұрң акционерлік қоғамының облигациялар бойынша процент төлеу 
шығындары 504 000 теңгеге дейін азаяды.
600 000 - 
96 000=504 000 теңге 
Облигациялық үстемені (сый ақыны) есептен шығару әдістері 
Облигациялық жеңілдіктерді есептен шығарудағы сияқты, облигациялық 
үстемені есептен шығарудың екі әдісі бар - проценттік және түзу сызықты 
(бірқалыпты).
Түзу сызықты (бірқалыпты) әдіс бойынша облигациялық үстеме 
облигация ұстаушыларға процент бойынша әрбір төлем жасалынған кезде 
бірдей бөліктермен жабылады.
«Нұрң акционерлік қоғамына алынған облигациялық үстемені екінші әдіс 
бойынша есептен шығару қажет. Яғни, түзу сызықты (бірқалыпты) есептен 
шығару әдісін пайдалана отырып, облигациялар бойынша табысты әрбір 
302 


есептеген сайын үстеме сомасы бірдей бөліктермен (сомалармен) есептен 
шығарылып отырады.
«Нұрң акционерлік қоғамы облигациялар бойынша жылына екі рет 
процент төлейтіндігі жөнінде хабарлаған болатын, ал облигациялар екі жылға 
шығарылған. Демек, облигациялар айналымының бүкіл кезеңінде төрт рет 
проценттік төлем жасалынады.
Жылына 2 рет*2 жыл=4 төлем
Егер, облигациялар бойынша барлығы 4 рет төлем жасалынатын болса, ал 
үстеменің мөлшері 96 000 теңгеге тең болса, онда төлемге шаққандағы 
облигациялық үстеменің есептен шығарылуын анықтау қиын емес.
96000/4=24000 теңге
«Нұрң акционерлік қоғамы номиналдық проценттік ставка бойынша (10 
пайыз) әрбір проценттік төлем жасау кезінде 150 000 теңге төлеуге тиісті.
3 000 000*10/100/жылына 2 рет=150 000 теңге
Бірақ, облигациялар үстемемен сатып өткізілгендіктен «Нұрң акционерлік 
қоғамының процент төлеу бойынша шығындары процентті әрбір есептеген 
сайын 24 000 теңгеге азайып отырады, яғни акционерлік қоғамның нақты 
шығыны 150 000 теңге емес 126 000 теңге болады. 150 000-24000=126 000 теңге
2012 жыл 1 ақпан 
Процент төлеу жөнінде міндеттеме қабылданған күні төмендегі 
бухгалтерлік жазулар орындалады: 

ДТ КТ
7310 «Процент бойынша шығыстарң 126 000 
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 24 000 

4160 «Төленуге тиісті проценттерң 150 000 
 
 
Процент сомасы төленген күні:

ДТ КТ
 
4160 «Төленуге тиісті проценттерң 150 000 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 150 000 
«Нұрң акционерлік қоғамының облигациялар бойынша процент төлеу 
шығындары 126 000 теңгені құрады, бірақ инвесторларға номиналдық 
проценттік ставка мөлшерінде – 150 000 теңге аударылды (төленді). Сонымен 
бірге 
3540 
«Басқа 
да 
қысқа 
мерзімді 
міндеттемелерң
шотындағы қалдықтың 96 000 теңгеден 72 000 теңгеге дейін азаюы 
облигациялардың ағымдағы құнының 3 096 000 теңгеден 3 072 000 теңгеге 
дейін азаюын туындатты.

3 096 000-
24 000=3 072 000 теңге
Жоғарыдағы бухгалтерлік жазулар 2012 жылғы 1 қарашада, 2013 жылғы 1 
ақпанда және 1 қарашада орындалады.
303 


2012 жылғы 1 қарашада процент төлеу бойынша міндеттеме 
қабылданғаннан кейін облигациялардың ағымдағы құны 3 048 000 теңгеге дейін 
азаяды.
3 072 000 – 24 000=3 
048 000 теңге 
2013 жылғы 1 ақпанда ол – 3 024 000 теңгені құрайды: 
3 048 000 – 24 000=3 
024 000 теңге 
Ең соңында, 2013 жылғы 1 қарашада процент төлеу бойынша міндеттеме 
қабылдағаннан кейін облигациялардың ағымдағы құны олардың номиналдық 
құнына – 3 000 000 теңгеге тең болады. 
3 024 000 - 24 000=3 
000 000 теңге
Облигациялар жабылған күні «Нұрң акционерлік қоғамы төмендегі 
бухгалтерлік жазуларды орындайды:

ДТ КТ
4030 «Басқадай несиелер – төленуге тиісті 

облигацияларң 3 000 000 

3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 3 000 000 

ДТ КТ
7310 «Процент бойынша шығыстарң 126 000 
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 24 000 

3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 150 000 
Проценттер және облигациялардың номиналдық құны төленетін күні:

ДТ КТ
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 3 000 000 
3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 150 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 150 000 
Облигациялық үстемені (сый ақыны) есептен шығарудың проценттік әдісі 
күрделі болғандықтан, отандық тәжірибеде ол пайдаланылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет