Принциптері



Pdf көрінісі
бет179/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Серіктестікте 
алынған 
таза 
табыстың 
(пайданың) 
оның 
қатысушылары арасында бөліп таратылуы және зиянның жабылу тәртібі 
Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметі барысында алынған 
пайданың бөліп таратылу (жұмсалуы) тәртібі және шеккен зиянның жабылу 
тәртібі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген шарттар бойынша 
жүзеге асырылады. Серіктестіктің пайдасының бөліп таратылуы және зиянының 
жабылу тәртібі кәсіпорынның жарғылық құжаттарында түсінікті және міндетті 
түрде айқындалуы қажет, себебі серіктестер (қатысушылар) арасындағы бұл 
мәселе жайындағы өзара келіспеушіліктері мен дау-дамайлары құрылтай 
құжаттарында алдын-ала жасалған шарттар бойынша шешіледі. Егер құрылтай 
келісім шартында бұл мәселенің тәртібі қарастырылмаған болса, онда 
бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес табыстың бөліп 
таратылуы және зиянның жабылуы қатысушылардың әрқайсысына теңдей 
бөліктермен бөлу арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, егер де құрылтай 
құжаттарында тек табыстың бөліп таратылуының тәртібі ғана қарастырылған 
болса, онда зиянның да бөліп таратылуы сол тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.
Бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибесіне сәйкес серіктестіктің 
қаржы-шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысын негізінен үш 
бөлікке бөлуге болады: 
1.
 
қатысушылардың капиталына дивидендтер (оны салынған капитал үшін 
проценттер түрінде де қарастыруға болады); 
2.
 
қатысушылардың көрсеткен қызметі үшін берілетін компенсация

(қатысушының еңбек ақысын жатқызуға болады); 
3.
 
коммерциялық тәуекелділіктен алынатын табыс (шаруашылық

қызметтен алынатын табыс). 
Табыстың мұндай үшке бөлінуі, қатысушының серіктестікке қанша салым 
салғандығын нақты анықтауға мүмкіндік береді. 
Серіктестің қатысушыларының барлығы жарғылық капиталға теңдей 
бөліктермен үлес қосқан болса, серіктестіктің қаржы шаруашылық қызметі 
барысында бірдей уақыт жұмыс атқарып, олардың әрқайсысының басқару 
қабілеттері бірдей болатын болса, онда табыс пен зиянның әрбір қатысушыға
тең мөлшерде бөліп таратылуы әрине әділ болып саналады. Алайда, 
қатысушылардың әртүрлі көлемде үлес қосуы және олардың әрқайсысы 
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі барысына түрлі деңгейде өздерінің 
басқарушылық, іскерлік қабілеттерін сіңірген болса, онда әрине сәйкесінше 
табыс пен зиянның қатысушылар арасында бөліп таратылуы теңдей 
бөліктермен жүзеге асырылмауы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, 
314 


халықаралық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде пайданы (таза табысты) бөліп 
таратудың негізгі үш әдісі ажыратылады: 
1.
 
тағайындалған (тіркелген) пропорция бойынша; 
2.
 
салынған капиталының көлемі бойынша; 
3.
 
еңбек ақының мөлшері және капиталдан алынатын проценттердің 
көлеміне байланысты тағайындалған нормалар бойынша.
Тағайындалған (тіркелген) пропорция бойынша пайданы (таза табысты) 
бөліп тарату әдісі. 
Бұл әдіс бойынша
 
әрбір қатысушының табысты бөлуде 
алатын үлесі құрылтай құжаттарында алдын - ала белгіленеді.

Мысалы: 
Бекжұманова Гүлсара мен Әлжанова Жансая 2012 жылдың 3 
қаңтарында киім тазалау қызметін көрсетумен айналысатын «ГүлЖанң 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды делік. Кәсіпорынды құру кезінде
жасалынған құрылтай құжатында, екі жақтың келісімімен, алынатын табыс 
төмендегідей қатынаспен бөліп таратылды: Гүлсара 55 пайыз және Жансая 45 
пайыз. 2012 жылдың нәтижесі 100 000 теңге таза табыспен аяқталды, 
нәтижесінде табыстың бөліп таратылуына төмендегі бухгалтерлік жазулар 
орындалады: 

ДТ КТ 
31 желтоқсан 2012 жыл
 
Есепті жылдың бөлінбеген таза табысы
(жабылмаған зияны) 100 000 

Гүлсараның салған капиталы (100 000*55%) 55 000 

Жансаяның салған капиталы (100 000*45%) 45 000 
 
Салынған капиталының көлемі бойынша пайданы (таза табысты) бөліп 
тарату әдісі. 
Егер қатысушылардың салған капиталдарының үлесі әртүрлі 
болып, капиталдың бір бөлігі кәсіпорынға табыс әкелуге үлкен ықпалын 
тигізіп, ал екінші бір бөлігі аз ықпал тигізетін жағдайда 
салған капитал 
бойынша табысты бөліп тарату әдісі 
пайдаланылады. 
Мысалы:
2012 жылдың қаржылық нәтижесі 100 000 теңге таза табыспен 
аяқталды делік, ал Гүлсара мен Жансаяның салған капиталы бойынша қозғалыс 
келесідей болды: 
Гүлсараның Жансаяның Гүлсараның қайтарып Жансаяның қайтарып
капиталы капиталы алған капиталы алған капиталы 
3.01. 75 000 3.01. 65 000 1.05. 20 000 1.06. 20 000
1.08. 10 000
Гүлсара мен Жансаяның бастапқы салған капиталдарының сальдосы 
төмендегіше болды: 
Капитал (тг) Капиталдың
үлестік салмағы 
Гүлсара 75000 75 000/140 000*100=54% 
Жансая 65000 65 000/140 000*100=46%
315 


140000 
Егер құрылтай құжаттарында алынған табысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет