Принциптері



Pdf көрінісі
бет162/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

ДТ КТ  
5510 «Есепті жылдың бөлінбеген 

табысы (жабылмаған зияны)ң 251 750

3030 «Дивидендтер және қатысушылардың

табыстары бойынша қысқа мерзімді

кредиторлық борыштарң 251 750

2)
есептелінген дивиденд сомасы төленген кезде: 

ДТ КТ  
3030 «Дивидендтер және қатысушылардың табыстары
бойынша қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 251 750 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша

қаражаттарың 251 750
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі.
Егер ұзақ мерзімді 
міндеттемелердің белгілі бір бөлігі ағымдағы жыл ішінде жабылуға жататын 
болса және ағымдағы активтердің - айналым құралдарының есебінен төленсе, 
онда ұзақ мерзімді қарыздың бұл бөлігі ағымдағы борыш ретінде анықталады. 
Мысалы, сомасы 1 000 000 теңге болатын қарыз 200 000 теңгеден бөлініп, 
5 жылдың ішінде төленуге (қайтарылуға) тиісті. Ағымдағы жылы төленетін
200 000 теңге ағымдағы борыш, ал қалған 800 000 теңге - ұзақ мерзімді борыш 
ретінде анықталады. 
277 


Еңбек ақы төлеу бойынша борыш.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді 
міндеттемелерінің кейбір бөлігі еңбек ақы есептеумен байланысты. Бұл 
міндеттеменің бухгалтерлік есебі төменде тереңірек қарастырылады. 
 
Алдағы кезеңдердің есебіне жататын табыстар 
деп - тапсырыс 
берушілер мен сатып алушылардан алған аванстардың есебінен жүзеге 
асырылуға тиісті кәсіпорынның тауарларды жөнелту, жұмыстарды орындау, 
қызмет көрсету бойынша міндеттемелерін айтады. Мысалы, көптеген мерзімдік 
басылымдарды (журналдарды) басып шығарушылар ол басылымдар үшін 
төлемдерді алдын-ала қабылдайды. Сөйтіп баспалардың оқырмандарға басылым 
(журнал) жеткізілгенде күшін жоятын міндеттемелері пайда болады. Белгілі бір 
есепті кезеңде алынған ол сомалар кейінгі есепті кезеңдерге жататын 
кәсіпорынның (баспаның) табыстары болып табылады. Мысалы, ай сайын 
шығып тұратын басылым «Бухгалтер бюллетенің журналының баспасы 2012 
жылдың қараша айында 2013 жылға жазылу бойынша төлемді қабылдады. 
Журналдың бір номерінің бағасы 3 500 теңге болды делік, онда 1 жылға төлем 
сомасы 42 000 теңгені құрайды. Бұл операцияны тіркеу үшін бухгалтерлік 
есепте төмендегі жазулар орындалады:
а) қабылданған төлемнің сомасына:

ДТ КТ  
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 42 000

3520 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстарң 42 000 
 
ә) ай сайын төлемнің сомасы есепті кезеңдегі баспаның негізгі қызметі бойынша 
табысына апарылған кезде: 

ДТ КТ  
3520 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстарң 3 500 

6010 «Өнімді сатып-өткізуден және қызмет

көрсетуден түскен табысң 3 500 
 
Қосылған құнға салынған салық және акциздік салық бойынша борыштар. 
Қазақстан Республикасының аумағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер 
өндіріс барысында және тауарлар (қызмет, жұмыс) айналымдарында қосылған 
құн өсімінің белгілі бір бөлігін, сондай-ақ акциздік тауарлар бойынша 
бюджетке аударым жасауға міндетті. Төленуге тиісті сомалар олар бюджетке 
аударылғанға дейін кәсіпорынның қысқа мерзімді борышы болып табылады. 
Олардың есебі төменде тереңірек қарастырылды.
 
Бағаланушы міндеттемелер
– 
белгілі бір мерзімге дейін дәл сомасын 
анықтауға болмайтын міндеттемелер. Ондай міндеттемелерге табыс салығы 
бойынша кәсіпорынның бюджеттің алдындағы борышы, кепілдік міндеттемелер 
бойынша төлемдер, жұмыскерлерге еңбек демалысы кезінде жасалынатын 
төлемдер бойынша борыштар жатады. Бұл міндеттемелердің бухгалтерлік есебі 
төменде қарастырылды.
278 


Шартты міндеттемелер

болмаған (әлі жоқ) міндеттемелер. Солай бола 
тұса да олар кәсіпорынның болашақ міндеттемелері болып табылады, себебі 
өткен келісімдерден туындайтын болашақ оқиғаларға байланысты болады. 
Шартты міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептің 37 «Резервтер, шартты 
міндеттемелер және шартты активтерң халықаралық стандартымен реттеледі. 
Мысалы, көпірдің құрылысын жүргізген құрылыс компаниясына сапасыз 
материалдарды пайдаланғандығына байланысты қылмысты іс қозғалуы мүмкін. 
Көпірдің құрылысы жасалынған келісім болып табылады. Келешек оқиға-
нәтижесі белгісіз шағым болуы мүмкін. Міндеттеме бухгалтерлік есепте 
көрсетілген кезде екі шарт анықталады: оқиға ықтимал болуға және негізді 
түрде есептелінуге тиісті. Табыс салығын төлеу, еңбек демалысы кезінде 
жұмыскерлерге төлем жасау бойынша борыштар, кепілдік сомалары бойынша 
міндеттемелер осы шарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, шартты міндеттемелер 
кәсіпорын несие алушы басқа кәсіпорынға қатысты кепілдік беруші ретінде 
таныла отырып, мемлекеттік органдар шығарған қандайда бір нормативтік 
актілерді бұзған кезде туындайды. 
Жоғарыда аталған ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің түрлері 
бойынша кәсіпорынның әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу 
операциялары жүзеге асырылады. Мысалы, жабдықтаушы және мердігер 
кәсіпорындармен төленуге тиісті шоттар және вексельдер бойынша есеп 
айырысу; акция иелерімен төленуге тиісті дивидендтер бойынша есеп айырысу; 
салықтардың түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысу; несиелердің түрлері 
бойынша банктермен, банктен тыс мекемелермен, жеке тұлғалармен есеп 
айырысу және т.б. 
Төменде кәсіпорынның кейбір міндеттемелері бойынша есеп айырысу 
операцияларының есебі қарастырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет