Принциптері


Жабдықтаушы және мердігер кәсіпорындардың төленуге тиісті



Pdf көрінісі
бет160/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Жабдықтаушы және мердігер кәсіпорындардың төленуге тиісті 
шоттары бойынша борыштар.
Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге 
кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың 
сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті 
шоттармен дәлелденеді. 
Мысалы, «Арманң акционерлік қоғамы 2012 жылдың 2 ақпанында келіп 
түскен құрылыс материалдары үшін – 174 000 теңгеге (оның ішінде ҚҚС 
сомасы 18 643 теңге) Өскемен қаласындағы «Шеберң жауапкершілігі шектеулі 
серіктестігінің шотын қабылдады. Шот бойынша төлем жасалынғанға дейін 
кіріске алынған құрылыс материалдарының құнына және ҚҚС сомасына 
акционерлік қоғамның жабдықтаушы кәсіпорынның алдындағы кредиторлық 
борышы пайда болады. Ол бухгалтерлік есепте тиісті шот корреспонденциясын 
анықтау арқылы көрсетіледі. 
1)
Келіп түскен құрылыс материалдары үшін «Шеберң жауапкершілігі 
шектеулі серіктестігінің шоты төлеуге қабылданды: 

ДТ КТ  
1310 
«Шикізаттар мен метериалдарң 155 357
1420 «Қосылған құн салығың 18 643
3310 
«Жабдықтаушылар мен мердігерлерге

қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 174 000 
 
274 


2) Жабдықтаушы шоты бойынша төлем жасалынды:

ДТ КТ  
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 174 000 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 174 000
 
Берілген вексельдер. 
Вексельдің негізгі көзі банк несиесі және алынған 
тауарлар мен пайдаланылған қызметтер үшін төлемдер болып табылады. 
Вексельдің екі түрі болуы мүмкін: 1) проценті номиналдық құнынан бөлек 
көрсетілген вексель, 2) проценті номиналдық құнына қоса есептелінген вексель. 
Вексельдің екі нұсқасы (варианты) да төменде келтірілді. 
1-
ші нұсқа - вексель бойынша процент оның номиналдық құнынан
бөлек көрсетілген
 
Алматы қаласы 2012 жылдың 20 шілдесі 

(мекен-жайы) (жазылған мерзімі) 
 
Көрсетілген мерзімнен 60 күн өткеннен кейін «БТАң банкіне 50 000 теңгені және 12 пайыз 
жылдық ставкамен процентті төлеуге міндеттенеміз 
«Арманң АҚ 
2-
ші нұсқа – вексель бойынша процент оның номиналдық құнына қоса
есептелінген
Алматы қаласы 2012 жылғы 20 шілде 
(мекен-жайы)
(жазылған мерзімі) 
Көрсетілген мерзімнен 60 күн өткеннен кейін «БТАң банкіне 50 000 теңгені төлеуге 
міндеттенеміз 
«Арманң АҚ 
Берілген вексельдер бойынша төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады, 
1-
ші нұсқа бойынша: 
20 шілде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет