Сондай-ақ, кредитор өзінің құқықтарынантартқан немесе ол құқықтардан
айырылған жағдайда міндеттемені жойылды (жабылды) деп есептеуге болады.
Міндеттемелердің жіктелуі.
Міндеттемелердің
пайда болуы келешекте
ресурстардың кәсіпорыннан шығып кетуін білдіретіндіктен, белгілі-бір
міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржылық жағдайын дұрыс
бағалау үшін маңызды болып табылады.
Міндеттемелер орындалу (жойылу) мерзіміне байланысты екі категорияға
жіктеледі:
1.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
2.
Ағымдағы міндеттемелер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
-
есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде
немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі)
жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге:
ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс
мекемелердің несиелері (кепілдік беру), басқадай несиелер (облигацияларды
сатып өткізу жолымен қаржыларды тарту және т.б.), еншілес серіктестіктердің
ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге
қалдырылған табыс салығы жатады.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болуының себептері көп. Мысалы:
-
кейбір кәсіпорындар (әсіресе жаңа кәсіпорын) үшін акционерлік
капиталдан гөрі сырттан капитал тарту жеңілірек;
-
қарызға алынған қаржылардың толық құны
жаңа акция шығару жолымен
қаржыландыруға қарағанда төмен болуы мүмкін;
-
қарызға алынған қаржыларының үлесі жоғары кейбір кәсіпорындар қарызға
алынған қаржыларынан проценттік төлемдердің нормасынан жоғары
мөлшерде пайда (таза табыс) алады.
Бірақ, міндеттемелер бойынша процент төлеуге жұмсалатын
қаржылардың үлесі өсетіндіктен, міндеттемелердің көбеюі кәсіпорын үшін
қауіпті.
Есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде
қайтарылады (өтеледі) деп күтілетін борыштар
ағымдағы міндеттемелер
болып
табылады.
Ағымдағы міндеттемелер кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің
әсерін тигізеді, себебі олар ағымдағы ресурстарға талап қояды.
Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері төмендегілерден тұрады:
1.
Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
2.
Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
3.
Кредиторлық борыштар:
-
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
-
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
-
салықтарды төлеу бойынша борыштар;
-
төленуге тиісті дивидендтер;
273
-
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның
еншілес серіктестіктері
арасындағы борыштар;
-
акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
-
басқадай кредиторлық борыштар;
4.
Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
5.
Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар;
6.
Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.
Ағымдағы міндеттемелерді үш топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Нақты міндеттемелер
2. Бағаланушы міндеттемелер
3. Шартты міндеттемелер
Нақты міндеттемелер
–
келісім шарттардан немесе заңдық негізде
туындайды. Олар дәл есептелінуі мүмкін. Нақты міндеттемелерге: төленуге
тиісті жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары, вексельдер, дивидендтер;
қосылған құнға салынатын және акциздік салықтар;
ұзақ мерзімді
міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, есептелінген еңбек ақы бойынша борыштар,
сонымен бірге жөнелтілетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер үшін сатып
алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванс бойынша борыштар
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: