Принциптері


  Тауарлы-материалдық босалқылар қозғалысын



Pdf көрінісі
бет123/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

8.3 
Тауарлы-материалдық босалқылар қозғалысын 
 
құжаттарда бейнелеу 
Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттау келесі 
бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады: 
Сенім хат (№ М-2 нысан); 
Сенім хат (№ М-2а нысан); 
Кіріс ордері (№ М-4 нысан); 
Материалдарды қабылдау актісі (№ М-7 нысан); 
Лимиттік-жинақтаушы карта (№ М-8 нысан); 
Талап-накладнойы (№ М-11 нысан); 
Материалдарды сыртқа жіберу жөніндегі накладной (№ М-15 нысан); 
Материалдарды есепке алу карточкасы (№ М-17 нысан); 
Үйлер мен ғимараттарды бұзу және бөлшектеу кезінде алынған 
материлдарды кіріске алу актісі (№ М-35 нысан). 
208 


Құндылықтарды сатып алушыға жөнелткенде, жабдықтаушы тауарлы-
көліктік (тауарлық) құжаттар толтырады. Егер жүк темір жол көлігі арқылы 
жөнелтілсе темір жол накладнойы немесе әмбебап контейнерде жүк тасу 
накладнойы толтырылады. Егер жүк автокөлік арқылы жөнелтілсе тауарлы-
көліктік накладной толтырылады. Ал егер құндылықтар сатып алушыға 
жабықтаушының қоймасынан берілетін болса, материалдарды сыртқа босату 
накладнойы толтырылады (№ М-15 нысан). Толтырылатын накладнойлардың 
саны тауарды жіберу орнына, тауарды тасымалдау әдісіне, жабдықтаушы 
кәсіпорынның түріне және басқа жағдайға байланысты болады. 
Аталған құжаттар жабдықтаушы және сатып алушы кәсіпорынның аты 
мен реквизиттерінен тұрады, сонымен қатар онда тауар мен оның ыдысы 
туралы мәліметтер болады: артикул, тауардың аты және қысқаша 
түсініктемесі, орын саны, брутто салмағы, нетто салмағы, бағасы, төленуге 
тиісті жалпы сомасы (қосылған құн салығы сомасы жеке көрсетіледі), орама 
түрі. Накладнойда сатып алушыға материалдық құндылықтарды жіберу 
жөнінде жабдықтаушы кәсіпорынға жауапты тұлғаның қолы болады. 
Жабдықтаушы есебінде накладной құндылықтардың босатылуы жөніндегі 
операцияны растайтын құжат болып табылады.
Сатып алушы, оның атына толтырылған накладнойды алады және 
құндылықтар иесіне (тасымалдаушы ұйымға, жабдықтаушы қоймасына) 
көрсету арқылы босалқыларды қабылдап алу құқығына ие болады. 
Сондықтан, бұл құжаттар сатып алушыларға жүкті алу бойынша келісімдегі 
өз шарттарын орындаумен байланыстырылып ұсынылады. Сатып алушы 
накладнойды алғаннан кейін, бірінші кезекте ондағы мәліметтердің келісім 
шарттарына сәйкестігін тексереді. Содан соң сатып алушы құндылықтардың 
нақты барының накладнойдағы мәліметтерге сәйкестігін тексеру арқылы 
оларды қабылдап алады. Құндылықтарды қабылдау біткен соң накладнойға 
сатып алушы «жүк алындың, «қабылдандың және құндылықтарды босатушы 
тұлға «босатылдың, «тапсырылдың деп қол қояды. Сөйтіп, накладнойлар 
сатып алушының құндылықтарды қабылдағанын растайтын құжат күшіне ие 
болады. 
Тауарлық және тауарлы-көліктік құжаттарға мынадай жолдама 
құжаттар тіркеледі: техникалық паспорттар, чертеждар, құру бойынша 
инструкциялар, тауардың сапасы бойынша сертификат және шот-фактура. 
Шот-фактура сатып алушы бюджетпен есеп айырысу кезінде, сатып алынған 
және жабдықтаушыға төленген құндылықтардың құнының құрамына кіретін 
қосылған құн салығы сомасын есепке алуға құқық беретін құжат болып 
табылады. 
Егер материалдар есеп беруге тиісті адамдар арқылы алынатын болса, 
онда тауарлық шот (чек) немесе акт (анықтама) сатып алынуды растайтын 
құжат болып табылады. Бұл құжаттарда операцияның мазмұны, мерзімі, 
сатып алу орны, материалдардың атауы мен саны, олардың құны көрсетіледі. 
Құндылықтарды автокөлік арқылы жеткізгенде тауарлы-көліктік 
накладной толтырылады. Ол екі бөлімнен тұрады: тауарлық және көліктік. 
209 


Тауарлы-көліктік накладнойдың тауарлық бөлімін жабдықтаушы 
толтырады және онда жабдықтаушы мен төлеуші туралы мәліметтер (атауы, 
мекен жайы, банктік реквизиттері); тауар және оның ыдысы туралы 
мәліметтер көрсетіледі және жауапты тұлғалардың қолы қойылады. 
Тауарлы-көліктік накладнойдың көліктік бөлімі тауардың жеткізілуі 
жөніндегі мәліметтерден тұрады: мерзімі, автокөліктің және жолдама 
қағазының номері, тауарға тапсырыс берушінің (төлеушінің), жүк 
жіберушінің және жүкті қабылдап алушының аты-жөні және мекен-жайы; 
жүкті тиеу, түсіру пункті (қажет болған жағдайда); жүк туралы мәліметтер. 
Сонымен қатар онда жүктің жолдама құжаттары, орама түрі, орын саны 
көрсетіледі. 
Тауарлы-көліктік накладной төрт дана етіп толтырылады, оның біреуі 
материалдарды кіріске алуға негіз ретінде сатып алушыға беріледі (кіріс 
ордерінің баламасы); екі данасының біреуі жабдықтаушыға және біреуі 
тасымалдаушы ұйымға беріледі. Сатып алушы және жүргізуші экспедитор 
растаған накладной, қабылдап алушының құндылықтарды алғанын 
куәландыратын құжат болып табылады. Сатып алушы субъектінің мекен 
жайынан тыс орындардағы (жабдықтаушының қоймасындағы, темір жол 
бекетіндегі, кемежайдағы, әуежайдағы) материалдарды экспедитор 
қабылдайды. 
Экспедитор – материалдық-жауапты тұлға болып табылатын және 
оның атына жазылған, құндылықтарды алуға арналған сенім хаты бар 
кәсіпорын қызметкері.
Сенімхат (№М-2 нысан) бухгалтерияда бір дана етіп толтырылады. 
Сенімхат тек алушының қолхаты арқылы беріледі. Ол жабдықтаушыға 
тауарлы-көліктік (тауарлық) құжаттарды және құндылықтарды экспедиторға 
беруге негіз болады. Сенімхатта көрсетілетіндер: 
-
тауарды тұтынушының толық атауы және мекен жайы; 
-
төлеушінің атауы және мекен жайы; 
-
есеп айырысу шотының реквизиттері, төлеушіге қызмет көрсетуші 
банкінің атауы және мекен жайы; 
-
экспедитордың паспорттағы мәліметтері; 
-
құндылықтарды беруге негіз болатын құжаттың атауы, мерзімі және 
номері. 
Сенімхаттың артқы бетінде берілетін тауарлы-материалдық құндылықтардың 
толық тізімі көрсетіледі. 
Сенімхатта оның берілген күні және күшін сақтау мерзімі көрсетіледі. 
Сенімхаттың түбіршегі (корешок) болады, онда сатып алушы субъектінің 
бухгалтериясында берілген сенімхаттардың есебін жүргізу үшін негізгі 
реквизиттер көрсетіледі. 
№ М-2а нысандағы сенімхатты, материалдық құндылықтардың алдын 
ала номері белгіленіп, баулықтанған журналда тіркеу жасайтын субъектілер 
қолданады.
Егер құндылықтарды қабылдау кезінде накладной мәліметтері мен 
келіп түскен құндылықтардың санының, сапасының, ассортиментінің 
210 


арасында ауытқушылықтар анықталатын болса, онда құндылықтарды 
қабылдап алу үшін құрылған комиссия екі дана етіп «Материалдарды 
қабылдау актісінң (№ М-7 нысан) толтырады. Материалдарды қабылдау 
актісі тек ауытқулар анықталған құндылықтарға ғана толтырылады. Сонымен 
қатар, материалдарды қабылдау актісі фактураланбаған жабдықтаулар болған 
жағдайда да толтырылады. 
Материалдарды қабылдау актісінде жолдама көліктік құжаттарға 
сәйкес құндылықтардың нақты бары, тапсырылатын бекетіне (кемежай, порт) 
келетін мерзімі және уақыты, көлік мекемесінің жүкті беру немесе 
алушының қоймасына жеткізу мерзімі және уақыты, алушының қоймасында 
өнімді сақтау жағдайлары, құндылықтарды қарап қабылдау кезінде оның 
ыдысының және орамасының жағдайы, құндылықтардың нақты бары, ақауы 
және қирауы, жетіспеушіліктері, артық шыққандары және басқа да 
мәліметтер көрсетіледі. Материалдарды қабылдау актісіне комиссияның 
мүшелері қол қояды және оны алушы субъектінің басшысы бекітеді. Актінің 
мазмұнымен келіспейтін тұлға онда өз пікірін білдіріп, жазып қол қояды. 
Құндылықтарды қабылдап болған соң, актінің бір данасы 
жабдықтаушының есеп айырысу құжаттары тіркеліп, материалдық 
құндылықтарды кіріске алуға негіз ретінде бухгалтерияға беріледі. Актінің 
екінші данасы жабдықтау бөлімшесіне беріледі және ол шағым хатымен 
бірге жабдықтаушыға (жіберушіге) бағытталады. Акт шағым жасауға негіз 
болатын құжат болып табылады. 
Материалдардың түскенін бақылау келіп түскен жүк есебінің журналы 
көмегімен жүзеге асырылады, ол жабдықтау бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл 
құжатта тіркеу номері; жазба жасалған мерзім; жабдықтаушының атауы; 
көліктік жолдама құжатының мерзімі және номері; шоттың номері, мерзімі 
және сомасы; жүктің түрі; кіріс ордерінің (қабылдау актісінің, жүкті іздестіру 
жөніндегі сұрау) номері және мерзімі тіркеледі 
Ескертуде шоттың төленгені туралы немесе акцептентартқаны жөнінде 
белгі қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет