Принциптері


Несиеге сатылған тауарлар үшін қызметкерлермен есеп айырысу



Pdf көрінісі
бет112/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Несиеге сатылған тауарлар үшін қызметкерлермен есеп айырысу 
екі түрде жүзеге асырылады. 
1.Кәсіпорын 
өз 
қызметкерлерінің 
тапсырыс-міндеттемелерінің 
негізінде олардың еңбек ақыларынан кезекті төлемдерді ұстап қалады және 
оларды сауда мекемелеріне аударады.
Мысалы: «Тау сұңқарң акционерлік қоғамы «Аяң сауда үйінен 70 000 
теңгеге үй жиһазын несиеге сатып алған кәсіпорын жұмысшы 
С.К.Мамырбаевтың тапсырыс-міндеттемесінің негізінде сауда мекемесінің 
ұсынылған шоты бойынша тиісті төлемді оның еңбек ақысынан ұстап қалып, 
189 


сауда мекемесіне аударады. Бухгалтерлік есепте бұл операциялар төмендегі 
шоттар корреспонденциясын анықтау арқылы көрсетіледі: 
1) «Аяң сауда үйінің шоты бойынша тиісті төлем сомасы еңбек ақыдан 
ұсталынды: 

ДТ КТ 
3350 «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді борыштарң 70 000 

1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді

дебиторлық борыштарың
70 000

 
2) «Аяң сауда үйіне аударым жасалынды: 

ДТ КТ 
 
1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың
70 000


1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша

қаражаттарың
70 000

 
2. Кәсіпорын несиеге сатылған тауарлар үшін қызметкерлердің сауда 
мекемелеріне төлеуге тиісті сомаларын толығымен өтеп береді, содан соң 
төленген соманы қызметкерлердің еңбек ақысынан ұстап отырады. 
Егер жоғарыда келтірілген мысалдағы «Аяң сауда үйінен 70 000 
теңгеге алынған үй жиһазы үшін «Тау сұңқарң акционерлік қоғамы тиісті 
соманы толығымен аударып, содан кейін оны жұмыскердің еңбек ақысынан 
ұстап отыратын болса, онда оны төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы 
көрсетуге болады: 
1) сауда мекемесіне төлеген сомаға:

ДТ КТ 
1250 «
Жұмыскерлердің қысқа мерзімді

дебиторлық борыштарың 70 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың
70 000

 
2) төлемнің қызметкердің еңбек ақысынан ұсталынған сомасына: 

ДТ КТ 
3350 «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді борыштарң
70 000


1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді

дебиторлық борыштарың 70 000
Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есеп айырысу
 
Бухгалтерия ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық босалқы-
лардың және басқадай құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету 
мақсатында олардың бары мен қозғалысын материалдық жауапты адамды-
қызметкерді (кассир, қоймашы және т.б.) тағайындау арқылы бақылайды. 
Мұндай тұлға алдымен кәсіпорынмен материалдық жауапкешілікке өту 
жөніндегі арнайы келісім шартқа отырады, ол шартта тұлға өз қарауындағы 
құндылықтардың барына жауапкершілігін мойындап, егер өзінің 
жауапкерсіздігінен құндылық жоғалатын, бүлінетін және тағы басқадай 
жарамсыздыққа ұшырайтын жағдайлар болса, онда ол зиянның орнын өтеуге 
міндеттеме алатындығы жөнінде келісімге қол қояды.
Мысалы: «Тау сұңқарң акционерлік қоғамы №2 қойманың меңгерушісі 
А.К.Сабыровтың кінәсінен материалдық құндылықтардың жоғалуының 
190 


себебінен, 60 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян шекті. Материалдық 
шеккен зиянның сомасын А.К.Сабыровтан өндіру жөнінде басқарманың 
шешімі қабылданып, тиісті сома оның еңбек ақысынан ұсталынды. Осы 
операцияларға төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады: 
1) А.К.Сабыровтың кінәсінен болған материалдық жетіспеушіліктердің
сомасына:
ДТ КТ 
1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді
дебиторлық борыштарың 60 000
1310 «
Шикізаттар мен материалдарң
60 000


2) Кәсіпорынның шеккен материалдық зиянының сомасы А.К.Сабыровтың
еңбек ақысынан ұсталынды: 

ДТ КТ 
3350 «Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді борыштарң 60 000
1251 
«Жұмыскерлердің қысқа мерзімді

дебиторлық борыштарың 60 000
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет