Принциптері


Кіші касса (жұмыскерлердің дебиторлық борыштары) есебі



Pdf көрінісі
бет108/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Кіші касса (жұмыскерлердің дебиторлық борыштары) есебі 
Шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін 
шаруашылық мүддесімен іссапарға жібереді, жалпы шаруашылық және 
әкімшілік мақсаттарда (кеңсе тауарларын, басқадай материалдық және 
материалдық емес активтерін нақты ақшаға сатып алу) ақша қаражаттарын 
жұмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес, 
сондықтан кәсіпорын қызметкерлеріне нақты ақша беру арқылы, аталмыш 
шығындар бойынша төлем жасайды. Берілетін ақшаның көлемін басшы 
бекітеді, тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі. Кассадан қызметкерге 
нақты ақша берілген сәттен бастап, ол кәсіпорынға 
есеп беруге тиісті тұлға
ретінде танылады. Төлем жасалғаннан кейін есеп беруге тиісті тұлға 
кәсіпорын алдында нақты ақшаның іс жүзінде жұмсалғандығын растайтын 
құжаттар арқылы есеп беріп, өзінің міндеттемесін өтейді.
Жұмыскерлердің 
және 
басқадай 
тұлғалардың 
дебиторлық 
борыштарының есебішоттар тізбегіне сәйкес 1250 «Жұмыскерлердің қысқа 
мерзімді дебиторлық борыштарың активті шотында жүргізіледі. Бұл шотта 
келесі дебиторлық борыштардың есебі жүргізіледі: есеп беруге тиісті 
тұлғалармен есеп-айырысу, жұмыскерлерге берілген қарыздардың есебі, 
жұмыскерлердің кәсіпорынға тигізген материалдық зиянының есебі және т.б. 
есебі. Осы қарыздар түрлері бойынша, кәсіпорынның қажеттілігіне қарай, 
тиісінше аралық шоттар ашылады. 
Іссапарға жіберілетін адамға тиесілі сома оның бару және қайту жолын 
төлеу, тәуліктік шығындардың және іссапар мерзімінде үй-жай жалдауға 
182 


шығарылатын шығындардың көлемінде кассадан беріледі. Есеп берілетін 
сома тиісті құжаттарымен айғақталып, белгіленген мерзімде, бухгалтерияға 
өткізілетін есеп беруге тиісті тұлғаның Аванстық есебімен расталады. Құжат
төменде келтірілді.
Аванс бұрынғы алынған сома бойынша толық есеп айырысқаннан 
кейін беріледі. Белгіленген мерзімде есеп берілетін соманың жұмсалмаған 
қалдығын өткізбеген және тіпті есеп бермеген тұлғалар тәртіп бұзушылық 
бойынша жазаға, ал қажет болған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке 
тартылады. 
Аванстық есепті бухгалтерия тексереді, сонан соң оларды 
кәсіпорынның басшысына бекітуге жібереді. Дұрыс рәсімделмеген аванстық 
есептер және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп 
беруші адамға қайтарылады. Аванс есебіне тіркелген құжаттар мөр арқылы 
немесе күні көрсетіліп, «Төлендің немесе «Өтелдің деген қолдан жазған 
жазулар арқылы өңдеуден өткізіледі. Аванстық есеп бойынша артық 
жұмсалған шығындар қызметкерге кассадан қайтарылады. 
Кәсіпорын, қызметкер өз уақытында төлемеген аванс сомасының 
қалдығын, егер ол қарсы болмаса, қызметкердің еңбек ақысынан ұстап қалуға 
құқылы.
Іс сапарда болған уақыт үшін, демалыс және мейрам күндерін, сондай-
ақ жолда болған күндерін, соның ішінде жолда шарасыздықтан аялдаған 
уақытты қоса алғанда іссапарда болған әрбір күн үшін белгіленген көлемде 
тәуліктік шығын төленеді.
Қызметкердің іссапар орнында нақтылы болған уақыты іссапар 
куәлігіне қойылған белгілер бойынша анықталады. Іссапарға жіберілген 
қызметкердің үй-жай жалдауға шығарған шығыны тиісті құжаттар негізінде, 
бірақ Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген мөлшерден артық 
емес көлемде өтелініп беріледі. Үй-жай жалдауға шыққан шығын бойынша 
құжаттар ұсынылмаған жағдайда, шығарылған шығын қызмет бабымен 
іссапарға баруға берілетін тәуліктік шығын мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, 
жол жүргені жөніндегі құжаттардың негізінде төленеді. Іссапар орнына бару 
және негізгі жұмыс орнына қайтудың жол құжаттары болмаған жағдайда, 
шыққан шығынды өтеп беру мәселесін әрбір нақты жағдайда кәсіпорын 
басшысы белгіленген тәртіптің негізінде шешеді. 
Егер кәсіпорын қызметкері шетелге іссапарға баратын болса, шыққан 
күні және келген күні тәуліктік шығынды есептеу кезінде бір күн болып 
саналады.
183 


Кәсіпорын: 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет