Принциптері


Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі



Pdf көрінісі
бет105/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Шетелдік валютамен орындалатын операциялардың есебі 
Республикамыздың нарықтық қатынастар жағдайында дамуына 
байланысты кәсіпорындар өздерінің сыртқы экономикалық байланыстарын 
нығайтуға мүмкіндік алды. Субъектілер шетелдік валютамен операциялар 
жүргізуге өкілетті банкте өзінің валюталық шотын аша алады. Банктегі 
валюталық шотты ашу тәртібі есеп айырысу шотын ашу тәртібімен бірдей.
176 


Валюталық шот бойынша нақты ақшасыз есеп айырысу операциялары 
Қазақстан Республикасының «Ақша төлемі мен аударымы туралың заңына 
сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ бухгалтерлік есептің 21 «Валютаны айырбастау 
бағамдарының өзгеруінің әсерің деп аталатын халықаралық стандартымен
реттеледі. Осы заңға сәйкес есеп айырысу шоты бойынша нақты ақшасыз 
есеп айырысу қандай құжаттар арқылы жүргізілетін болса, валюталық шот 
бойынша да сол құжаттар арқылы орындалады. 
Валюталық шот бойынша орындалған операциялардың бухгалтерлік 
есепте тіркелуі 
Валюталық шоттың көшірмесі
негізінде кәсіпорын бухгалтериясында
сол шоттағы нақты ақшаның қозғалысын бухгалтерлік есеп регистрлеріне 
(журнал-ордерлерге, ведомостарға) жазу жүзеге асырылады. 
Валюталық шоттағы нақты ақшаның қозғалысы бойынша операциялар 
төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы тіркеледі: 
1)
Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде шетелдік 
құрылтайшылардан келіп түскен ақша қаражаттарының сомасына: 

ДТ КТ 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың
60 000
 

5110 «Төленбеген капиталң 60 000
 
2)
Сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар үшін 
шетелдік сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден келіп түскен ақша 
қаражаттарының сомасына: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 75 000 

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың
75 000
 
 
3)
Алынған тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін 
шетелдік жабдықтаушыларға, мердігерлерге валюталық шоттан аударылған 
ақша қаражаттарының сомасына: 

ДТ КТ 
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді

кредиторлық борыштарң
90 000 


1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 90 000 
4)
Валюталық шоттан қайтарылған банктердің, кәсіпорындардың, 
мекемелердің, жеке тұлғалардың қысқа және ұзақ мерзімді қарыздарының 
сомасына: 

ДТ КТ 

төмендегі шоттардың бірі: 

3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздарың 

3020 «Өкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің

лицензиясынсыз банк операцияларын жүзеге асырушы

ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздарң 

4010 «Ұзақ мерзімді банк қарыздарың 
177 



4020 «Өкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің

лицензиясынсыз банк операцияларын жүзеге асырушы

ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздарң
120 000


1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 120 000
Кәсіпорынның валюталық шотындағы ақша қаражаттарының 
бухгалтерлік есебі шетелдік валютамен және осы операция орындалған 
уақытқа Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген бағам 
бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жүргізілді. Бұл жағдайда 
шетелдік валюта мен ұлттық валютаның арасындағы бағамдық 
айырмашылық ескеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет