Принциптері


Басқадай дебиторлық борыштардың есебі



Pdf көрінісі
бет113/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Басқадай дебиторлық борыштардың есебі 
Кәсіпорынның берілген қарыздары, жалға берілген негізгі құралдары 
және т.б. бойынша есептелген проценттерінің есебі шоттар жоспарының 1270 
«
Алынуға тиісті қысқа мерзімді сый-ақылар « шотында жүргізіледі. Алынуға 
тиісті проценттердің есептелуі 1270 шоттың дебеті және 6130 «Қаржылық 
жалдаудан алынған табыстарң, 6260 «Операциялық жалдаудан алынған 
табысң тиісті шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
Шағым-талаптар бойынша есеп-айырысудың есебі, балаларын бала-
бақша мекемелеріне беретін ата-аналармен есеп-айырысудың есебі және 
басқадай дебиторлармен есеп-айырысудың есебі 1284 «Басқа да дебиторлық 
борыштарң шотында жүргізіледі. 
Тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау үшін, сондай-ақ
орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген 
аванстардың есебі шоттар жоспарының 1610 «Қысқа мерзімге берілген 
аванстарң шотында жүргізіледі. Аванстар берілген кезде 1610 шоты 
дебеттеліп 1010, 1030 ақша қаражаттарының
тиісті шоттары кредиттеледі. 
Босатылған тауарлы-материалдық құндылықтар бойынша қабылданған шот-
фактуралар және орындалған жұмыстар мен қызметтерді қабылдау актілері 
бойынша тауарлы-материалдық құндылықтар, сондай-ақ өндірістік салаға 
орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің сомасына өндірістік 
шығын шоттары дебеттеліп, 3310 « Жабдықтаушылар мен мердігерлерге 
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң шоты кредиттеледі. Қабылданған 
тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген 
қызметтер бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы 
кредиторлық борыштар 1610 «Қысқа мерзімге берілген аванстарң шотында 
алдын-ала төленген аванстар есебінен өтеледі. 
191 


Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі барысында өндірістің 
өзіндік құнына есепті мерзімде немесе келесі есепті мерзімдерде апарылуға 
тиісті шығындар орын алады. 
Шаруашылық қызметі барысында осы есепті жылы келесі есепті 
мерзімдерге қатысты шығындар орын алған болса, ондай шығындардың есебі 
сәйкестік принципіне сай жүргізілуі тиіс. 
Мұндай шығындардың қатарына мерзімдік басылымдарға (газет, 
журнал) жазылу шығындарын, келесі есепті мерзімдерге алдын-ала төленген 
жалдық төлем мен сақтандыру төлемдерін және т.б. шығындарды жатқызуға 
болады. 
Шоттар жоспарының 1620 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын 
шығыстарң шоты жоғарыда аталған шығындар есебін жүргізуге арналған. 
Сатып-өткізу бөліміне қызмет көрсететін жүк автокөлігіне бір жылдық 
сақтандыру полисін сатып-алу есеп-айырысу шотынан жүзеге асырылды: 

ДТ КТ 
1620 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстарң 17 000
1030 «
Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 17 000
 
«Бухгалтер бюллетенің мерзімдік басылымы-журналға бір жылға жазылу 
сомасына:

ДТ КТ 
1620 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстарң 32 700

1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді

дебиторлық борыштарың
32 700

Жалға алынған өндірістік мақсаттағы қойма алаңына үш айға алдын-ала 
жалдық төлем аванспен төленді: 

ДТ КТ 
 
1620 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстарң 120 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың
120 000 

Жұмсалған шығындар шаруашылық қызметі барысында есепке 
алынатын кезеңнің тиісті шығын объектілеріне апарылып отырады, бір ай 
өткеннен кейін келесі жазулар орындалады: 

ДТ КТ 
7110 «Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер

көрсету бойынша шығыстарң 1 416
7210 «Әкімшілік шығыстарың 2 725 
8400 «Үстеме шығыстарң 40 000

1620 «Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстарң 44 141 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет