Принциптері


Күмәнді дебиторлық борыштардың есебі



Pdf көрінісі
бет111/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Күмәнді дебиторлық борыштардың есебі 
Сатып-алушылардың келісім-шартта белгіленген мерзімде төленбеген 
шоттары 
күмәнді борыштар
деп аталады.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес шағымдану 
мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш 
қайтарылмайтын қарыз 
ретінде танылады.
187 


Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі 
әдісі бар: 

қайтарылмайтын борыштың болатынын алдын-ала қарастыратын 
резервтеу әдісі; 

нақты дебиторлық борыштар қайтарылу мүмкіндігі жоқ борышқа
айналғаннан кейін ғана, бұл шоттардың мәліметтері шығынға апарылатын 
тікелей есептен шығару әдісі. 
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда 
тиімді емес, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре 
алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген 
немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде
қайтарылмайтын қарыздарға жатқызылса, сол есепті мерзімде ол шығынға 
апарылуы тиіс деп есептелінеді. 
Алайда Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне сәйкес 
шаруашылық жүргізуші субъектілер салық есептеулерінде тек тікелей 
есептен шығару әдісін пайдалануға тиісті. 
Күмәнді борыштар есебін жүргізгенде бухгалтерлік есептің сәйкестік 
принципі басшылыққа алынуы қажет.
Күмәнді борыштар бойынша резервтеу әдісі - борыш бойынша 
кәсіпорын болашақта алуға тиісті сомаға дейін шоттардың көлемін азайтуды 
және ағымдағы мерзімде күтілетін мұндай шығындарды бөліп көрсетуді 
қамтамасыз етеді. 
Басқару аппаратының шешімі бойынша субъект дебиторлық 
борыштарға алдын-ала түгелдеу жүргізіп, есепті мерзімге күмәнді борыштар 
бойынша резервтің сомасын анықтау үшін екі әдісті пайдалануына болады: 

өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізу көлемінен есептелінетін 
проценттік әдіс; 

төлеу мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі. 
Бұл әдістерді төмендегі мысал арқылы ашып көрсетуге болады. 
Мысалы: «Ақниетң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз 
тәжірибесінде сатып-өткізілу көлемінен проценттер арқылы күмәнді 
қарыздар бойынша резерв құру әдісін пайдаланады делік. Яғни, бұл әдісте 
соңғы екі-үш жылдың әр жылында пайда болған дебиторлық борыштардың 
ішіндегі төленбеген борыштардың көлемін анықтап, талдау жасалынған 
жылдардағы барлық дебиторлық борыштардың ішіндегі жалпы төленбеген 
борыштардың үлесін анықтау арқылы есепті жылға резерв құруға 
негізделген. Аталмыш кәсіпорын бойынша 2012 жылы 845 000 теңгеге 
дебиторлық борыш танылды. Осы дебиторлық борыштың көлемі бойынша 
құрылатын резервтің сомасын анықтау үшін төмендегі көмекші кесте 
мәліметтерін пайдаланамыз. 
188 


Ре
тті
к 
ном
ері
Жыл 
Дебиторлық 
борыштың 
көлемі (мың 
теңге) 
Оның ішінде 
үмітсіз 
қарыздардың 
сомасы 
(мың теңге) 
Төленбеген 
борыш 
көлемі, 
%-
пен 
(4б./3б*100) 
Төленбеген 
борыштың 
орташа 
проценті, 
(%-
пен). 
Резерв 
сомасы (мың 
теңге) 
(3б.,5қ.* 
6б.,5қ.) 








2009 
545 
35 




2010 
500 
53 
11 



2011 
750 
45 




Жиын-тығы 
1 895 
133 




2012 
845 



59 
Сонымен, «Ақниетң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдың 
1 желтоқсанында 59 000 теңге көлемінде резерв құрды. Бухгалтерлік есепте 
ол операция төмендегі жазу арқылы көрсетіледі: 

 
ДТ КТ 
 
7210 «Әкімшілік шығыстарың
59 000
 
қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың

1290 «Күмәнді талаптар бойынша резервң
59 000


 
Қайтарылмайтын борыш деп танылып, есептен шығарылған дебиторлық 
борыш 15 желтоқсан 2012 жылы өтелген жағдайда (яғни төлем есептен 
шығарылу мерзімі ішінде келіп түссе) келесі бухгалтерлік жазу орындалады: 

ДТ КТ 
1030 « Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 59 000

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың
59 000
 
Ал егер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден келіп түскен 
төлем қайтарылмайтын қарыз деп есептен шығарылған мерзімнен кейінгі 
есепті мерзімдерде төленген болса, онда: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 59 000

6280 «Басқада табыстарң
59 000

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет