Орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы
Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 26 қарашада қабылданған
Салық Кодексіне сәйкес шаруашылық субъектілер бухгалтерлік есепте салық
есептегенде
есептеу әдісін
пайдаланады. Кәсіпорынның қосылған құн
салығы бойынша есеп-айырысу жөніндегі ақпараттарының есебі 1420
«
Қосылған құн салығың шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша
сатып алынған материалдық құндылықтар, сырт кәсіпорындардың орындаған
жұмысы, көрсетілген қызметі үшін акцептелген шот-фактуралар бойынша
қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Есеп беру кезеңінің аяғында
аталмыш шоттың дебеті бойынша көрсетілген қосылған құн салығының
сомасы осы шоттың кредитінен 3130 «Қосылған құн салығың шотының
дебетіне көшіріледі.
Мысалы: 2012 жылдың 8 қаңтарында «Адалң жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі «Жиһанң акционерлік қоғамынан күріш дақылын 82 000 теңгеге
сатып алды, сатып алынған тауарға «Адалң жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі төмендегі шоттар корреспонденциясын орындайды:
1.
Сатып алынған тауардың келісім бағасына:
ДТ КТ
1330 «Тауарларң
73 214
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық борыштарң 73 214
2. Сатып алынған тауардың келісім бағасынан 12 пайыз ставкасымен
есептелінетін қосылған құн салығының сомасына:
ДТ КТ
1420 «Қосылған құн салығың 8 786
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа
мерзімді кредиторлық борыштарң 8 786
Ал, 2012 жылдың 15 қаңтарында «Адалң жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі «Жерұйықң серіктестігіне күріш тауарын 98 000 теңгеге сатып
өткізді, сатып өткізілген тауарға «Адалң ЖШС-гі төмендегі шоттар
корреспонденциясын орындады:
1.
Сатып өткізілген тауардың келісім бағасына:
ДТ КТ
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа
мерзімді дебиторлық борыштарың 87 500
6010 «Өнімді сатып-өткізуден және қызмет
көрсетуден түскен табысң 87 500
Достарыңызбен бөлісу: