Принциптері


Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша



Pdf көрінісі
бет104/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Банктегі есеп айырысу шотындағы және арнайы шоттардағы ақша 
қаражаттарының есебі 
 
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі 
 
Жоғарыда шаруашылық жүргізуші субъектілер негізгі өндірістік іс-
әрекет қаржыларына жататын ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттарын 
банкте ашылған «Есеп айырысуң шотында сақтайтындығын айтқан 
болатынбыз. 
Ол шотты ашу үшін банкке белгіленген үлгідегі субъект басшысы 
менбухгалтердің қолы қойылған арнайы өтініш беріледі. Өтінішке мынадай 
құжаттар тіркелуге тиісті: 
1.
Кәсіпорынның құрылуының заңдылығы жөніндегі құжат; 
2.
Кәсіпорын жарғысының көшірмесі; 
3.
Кәсіпорынның тіркелгені жөніндегі анықтама; 
4.
Салық инспекциясының салық есебіне тіркеу жөніндегі анықтамасы; 
Кәсіпорын басшысы менбухгалтердің қолтаңбаларының үлгісі және 
кәсіпорын мөрінің оттискісі бар екі дана карточка. 
Есеп айырысу шоты бойынша операциялар басшылыққа алынып жүрген 
заңдар және Ұлттық банктің ережелеріне сәйкес реттеліп және тәртіп 
173 


бойынша ақша қаражатының еркін қалдығы шегінде шот иесінің жазбаша 
бұйрықтарының негізінде жүргізіледі. 
Субъектінің банктегі есеп айырысу шоты бойынша нақты ақшасыз есеп 
айырысу операциялары жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының 
«Ақша төлемі мен аударымы туралың заңына сәйкес жүргізіледі. 
Аталмыш заң бойынша банк кәсіпорынның ақша қаражатын есеп айырысу 
шотында сақтайды, сол шотқа келіп түскен ақшаны қабылдайды, оларды 
аудару, беру және басқадай операцияларды жүргізу жөніндегі кәсіпорынның 
бұйрығын орындайды.
Субъектінің банктегі есеп айырысу шотына нақты ақшаның қабылдануы 
және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу банктің өзі бекіткен 
құжаттардың негізінде орындалады. Олардың ішінде кең тараған құжаттар: 
төлем хабарламасы, ақша чегі, төлем тапсырмасы, талап- төлем тапсырмасы, 
есеп айырысу чегі. 
«Төлем тапсырмасың кәсіпорынның қызмет көрсетуші банкке өзінің 
есеп айырысу шотынан басқа кәсіпорынның шотына белгілі бір соманы 
аударуға берген жарлығын растайтын құжат. Төлем тапсырмасы арқылы 
сатып алынған тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін 
төлем жасалынады, салықтар және төлемдер аударылады. 
Төлем тапсырмасын жазылған күннен бастап 10 күнге дейін пайдалануға 
болады. Алушы мен төлеушіге бір банк мекемесі қызмет көрсететін жағдайда 
«Төлем тапсырмасың 3 дана етіп толтырылады. 1- ші дана банкте қалады, 2- 
ші дана алушыға тапсырылады, 3- ші дана операцияның орындалғандығы 
жөнінде банктің белгісі соғылып, төлеушіге қайтарылады. Егер алушы мен 
төлеуші екі елді мекенде болып, екеуіне екі банк мекемесі қызмет көрсететін 
болса, онда «Төлем тапсырмасың 4 дана етіп толтырылады. 1- ші дана 
төлеуші кәсіпорынға қызмет көрсетуші банкте қалады, 2 және 3- ші даналар 
алушыға қызмет көрсететін банкке жіберіледі, оның біреуі алушыға 
тапсырылады, ал 4- ші дана банктің белгісі соғылып төлеушіге қайтарылады.
Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысу тәртібі төмендегідей: 
Төлеуші төлем тапсырмасын банкке береді; 
Сатып алушының банкі төлеушінің шотынан ақшаны шығарады; 
Сатып алушының банкі төлем-тапсырмасын жабдық-таушының банкіне 
жібереді; 
Жабдықтаушының банкі оның есеп айырысу шотына төлем 
тапсырмасында көрсетілген соманы қабылдайды (жазады); 
Банктер өздерінің клиенттеріне құжаттарды береді.
Талап–төлем тапсырмасы жабдықтаушының сатып алушыға талабы мен 
сатып алушы кәсіпорынның қызмет көрсетуші банкке өзінің шотынан есеп 
айырысу және жөнелту құжаттарының негізінде жіберілген өнімдер, 
атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызмет үшін төлем жасауға берген 
жарлығын (тапсырмасын) растайтын құжат. 
Кәсіпорын банктегі өзінің есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақшаны 
чек арқылы алады. Ол үшін банктен чек кітапшасын алу үшін белгіленген 
үлгідегі өтініш жазылады. Банк мекемесінің қызметкерлері өтініштің 
174 


толтырылу дұрыстығын тексереді, чекке тиісті реквизиттерді қондырады (чек 
иесінің аты-жөні, есеп айырысу шотының номері). Чек кітапшасы банк 
кассасынан өтінішпен қоса берілген қолхат арқылы беріледі. Егер чек 
кітапшасы 30 тәулік ішінде алынбаса, онда ол күшін жояды. Чек бойынша 
ақша тек сол чекте көрсетілген адамға беріледі. Чек толтырылған күннен 
бастап 10 күнге дейін жарамды. Чекті сиямен ғана қандай мақсатқа 
жұмысалатынын және сомасын көрсетіп бір дана толтырады да басшы 
менбухгалтердің қолтаңбалары қойылып, мөр басылады. 
Чекке ешқандай түзету енгізуге болмайды. Толтырылған чек пайдаланылмай 
қалған жағдайда «күшін жойдың деген белгі соғып, түбіршегіне (корешок) 
желімделініп қояды. Чекті толтырғанда онымен бірге түбіршегін де толтыру 
керек. 
Кәсіпорын кассасынан банк кассасына өткізілген нақты ақша «Нақты 
ақша өткізудің хабарламасың бойынша қабылданады да банк кассасы 
белгіленген нысанда ақшаны қабылдағаны туралы квитанция береді. Ол 
квитанция кәсіпорын кассасынан банкке өткізілген ақшаны кассадан есептен 
шығаруға негіз болады.
Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының кіріс- шығысын 
қадағалап және оны бухгалтерлік есепке көрсетіп отыру үшін банк мекемесі 
кәсіпорынға «Есеп айырысу шотының көшірмесінң бастапқы құжаттармен 
қоса беріп отырады.
Есеп айырысу шоты бойынша орындалған операциялардың бухгалтерлік 
есепте тіркелуі 
Есеп 
айырысу 
шотының 
көшірмесі 
негізінде 
кәсіпорын 
бухгалтериясында Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының 
қозғалысын бухгалтерлік есеп регистрлеріне (журнал-ордерлерге, 
ведомостарға) жазу жүзеге асырылады. 
Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының қозғалысы 
бойынша операциялар төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы тіркеледі: 
1)
Кассадан қабылданған нақты ақшаның сомасына: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 15 000

1010 «Кассадағы ақша қаражаттарың 15 000
 
2) Сатып алушы және тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардан сатып-
өткізілген тауарлар немесе орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін 
келіп түскен ақша қаражаттарының сомасына:

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 100 000

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс

берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың
100 000
 
3) Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі, құралдар үшін төленген жалдық 
төлемдердің сомасына: 
175 



ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 70 000

1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық
борыштарң 70 000
 
4) Есеп айырысу шотына қабылданған қысқа және ұзақ мерзімді банк 
несиелерінің, басқа кәсіпорындардан, мекемелерден және жеке адамдардан 
алынған қарыздардың сомасына: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 98 000

төмендегі шоттардың бірі: 

3010 «Қысқа мерзімді банк қарыздарың

3020 «Өкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің

лицензиясынсыз банк операцияларын жүзеге асырушы

ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздарң 

4010 «Ұзақ мерзімді банк қарыздарың 

4020 «Өкілетті органның және (немесе) Ұлттық банктің

лицензиясынсыз банк операцияларын жүзеге асырушы

ұйымдардан алынған қысқа мерзімді қарыздарң
98 000

 
5) Есеп айырысу шотынан материалдық емес активтерді сатып алуға 
жұмсалған нақты ақшаның сомасына: 

ДТ КТ 

2730 «Басқа да материалдық емес активтерң
60 000
 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша 

қаражаттарың 60 000
 
6) Алынған тауарлар, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін 
жабдықтаушыларға, мердігерлерге есеп айырысу шотынан аударылған нақты 
ақшаның сомасына: 

ДТ КТ 

3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді

кредиторлық борыштарң
45 000
 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 45 000
7) Бюджетке аударылған салықтар сомасына: 

ДТ КТ 
3100 «Салықтар бойынша міндеттемелерң бөлімшесінің шоттары
30 000
 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 30 000


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет