Принциптері



Pdf көрінісі
бет99/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

«Касса кітабынаң
(КО-3 нысанындағы) 
тіркеледі. Касса кітабының парақтарын номерлеп, жіппен байлап, кәсіпорын 
басшысы менбухгалтердің қолдары қойылып, мөрмен бекітілгеннен кейін 
кассирге пайдалануға беріледі. Касса кітабының парақтары екі бөлімнен 
тұрады: түбірінен және жыртылмалы бөлігінен. Жыртылмалы бөлігі көшірмелі 
(қара) қағаз арқылы толтырылады. Касса кітабына әр құжат рет санымен 
тіркеліп, ондағы соманың қайдан келгені немесе кімге берілгені және әрбір 
сомаға касса шотымен корреспонденцияланушы шоттардың шифры (номері) 
көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир кітап бойынша кіріс және шығыс 
операцияларын жинақтап, келесі күнге қалған қалдықты анықтайды, оның 
ішінде еңбек ақыға арналған соманы бөліп көрсетеді, тіркелген кіріс және 
шығыс ордерлерінің санын көрсетіп қол қояды. Содан кейін касса кітабының 
жыртылмалы бөлігіне кассаның барлық құжаттарын тіркеп бухгалтерияға 
өткізеді. Оны 
кассирдің есебі 
деп атайды. Кассирдің есебін тексеріп, 
қабылдаған бухгалтер касса кітабындағы түбіршікке қол қойып береді. Касса 
кітабы төменде келтірілді. 
Касса операцияларының бухгалтерлік есепте тіркелуі 
164 


Субъект бухгалтері ондағы соманың кірісін бір бөлек, шығысын бір бөлек 
топтап, бухгалтерлік есеп регистрлеріне (журнал-ордерлерге, ведомостарға) 
жазады.
Кассадағы нақты ақшаның қозғалысы бойынша операциялар төмендегі 
бухгалтерлік жазулар арқылы тіркеледі: 
1)
Сатып өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар 
үшін кассаға төленген нақты ақшаның сомасына:
 

ДТ КТ 
1010 «Кассадағы ақша қаражаттарың 6 000

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің

қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың 6 000

2) Банктегі есеп айырысу шотынан алынған нақты ақшаның сомасына: 
 
ДТ КТ 
1010 «Кассадағы ақша қаражаттарың 45 000
1030 
«Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 45 000 
3) 
Банктегі есеп айырысу шотына өткізілген нақты ақша сомасына: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 20 000

1010 «Кассадағы ақша қаражаттарың 20 000
 
4) Жұмыскерлерге кассадан берілген еңбек ақы сомасына: 

ДТ КТ 
3350 «Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысуң 75 000

1010 «Кассадағы ақша қаражаттары « 75 000
5) Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан берілген нақты ақша сомасына: 

ДТ КТ 
1250 «Жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық борыштарың 30 000

1010 «Кассадағы ақша қаражаттарың 30 000
165 


166 


ныс. №КО-1
 
Сәулет ЖШС-гі Сәулет ЖШС-гі
кәсіпорын, ұйым кәсіпорын, ұйым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет