Принциптері


Материалдылық принципі (materіalіty)



Pdf көрінісі
бет93/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Материалдылық принципі (materіalіty),
бұл – қандайда бір 
шаруашылық операциясының салыстырмалы түрдегі маңыздылығын 
анықтайды. Яғни, егер орындалған операция, ақпарат тұтынушы тұлғаның 
шешіміне тікелей әсер ететін болса, онда операция маңызды болып танылады. 
Шаруашылық фактісінің маңыздылығы оның сипаты мен сандық өлшеміне 
байланысты. Мысалы, миллиардтық табыс айналымы бар компанияда 1млн. 
сомасындағы қате маңызды емес, бірақ 1млн. сомасындағы пәре немесе 
алаяқтық фактілер маңызды. Бухгалтер фактілердің маңыздылығын назарға 
алуы тиіс, ал тұтынушылар олардың бағалануына сенім артады.
Сатып - өткізу принципі (sales), 
бұл – тауар жөнелтілген сәттен бастап 
табыстың танылуы тиіс деген ұстанымды білдіреді, яғни табыс бар, бірақ 
157 


сатудан келіп түскен ақшалай түсім жоқ. Бұл ретте, есепте екі шот: «Сатып - 
өткізуң және «Сатып - өткізілген тауардың өзіндік құның пайдаланылады.
Пайда таб
у – бұл кез-келген кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты. 
Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - кәсіпорынның осы мақсатқа 
жету барысындағы жетістігін қаржылық қорытынды есепте бағалау және 
табыстың танылуын дурыс есепке алу болып табылады. 
Таза пайда
– 
бұл экономикалық қызметтің нәтижесінде меншікті 
капиталдың көбеюі. Таза пайда сомасы табыстар мен шығыстардың айырмасы 
ретінде анықталады. Егер шығыстар табыстардан жоғары болса, онда қызметтің 
нәтижесі 
таза зиян
болады. Табыстардың ең қарапайым түрде бағалануы- бұл 
сатып алушылардан алынған немесе арнайы мерзім ішінде алынуға тиісті 
активтердің құны.
Табыстар
– 
бұл кәсіпорын активтерінің келіп түсуі және олардың 
жақсаруы немесе кәсіпорынның тұрақты, негізгі немесе басты қызмет түрлері 
болып табылатын жабдықтау, тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы 
және басқадай қызмет түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің азаюы.
Шығыстар
-
бұл шығыстар немесе активтердің басқадай пайдаланылуы, 
немесе негізгі, сондай-ақ, басты қызмет түрлері болып табылатын жабдықтау, 
тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы және басқадай қызмет 
түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің көбеюі. Табыс алу процесінде 
пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны шығыстар болып 
табылады. 
Шығыстар кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтерін азайтады 
және пассивтерді көбейтеді. Алайда кәсіпорынның меншікті капиталы мен 
активтерінің азаю себебі тек шығыстардан ғана болмайды. Меншікті капитал 
мен активтер меншік иелерінің капиталды айналымнан шығаруынан да болады. 
Табыстар, өз кезегінде, меншікті капитал мен активтерді көбейтеді. 
Алайда меншікті капитал мен активтердің көбеюі әрдайым табыс бола бермейді. 
Меншікті капитал мен активтер меншік иелерінің капиталды қосымша ұлғайту
нәтижесінде де өседі. Активтер ақша қаражаттарын алу нәтижесінде өседі.
Капитал өзгерісінің себептерін анықтау үшін кәсіпорын басқармасы және 
басқадай мүдделі тұлғалар табыстар мен шығыстардың әрбір түріне арнайы 
жеке шот ашады. Әрбір есепті мерзімнің соңында бұл шоттар жабылады
жиынтық нәтиже (сальдо) пайда мен зиян жөніндегі қорытынды есепке 
көшіріледі. Сондықтан да бұл шоттар 
уақытша
немесе 
номиналды
шоттар деп 
аталады. Есепті мерзімнің басында уақытша шоттардың бастапқы қалдығы 
нольге тең болады. 
Кәсіпорынның активтері,міндеттемелері және меншікті капитал жөніндегі 
ақпарат 
тұрақты
немесе 
реалды
деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Тұрақты 
шоттардың қалдығы бухгалтерлік баланста көрініс табады. 
158 


Таза пайданы есептеуге және қаржылық қорытынды есепті құруды 
бухгалтер екі принципті ұстанады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет