Принциптері



Pdf көрінісі
бет92/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
155 


7-
ТАРАУ. ТАБЫСТАР, АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЖӘНЕ
ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАРДЫҢ ЕСЕБІ 
 
7
.1.Табыстардың есебі .....................................................................................154 
7
.2. Ақша қаражаттарының есебі ................................................................... 157 
7
.3. Дебиторлық борыштардың есебі .............................................................183 
Өз білімін тексеру сұрақтары.................................................................................192 
Өзіндік жұмысты орындау үшін берілген тапсырма......................................... .193 
156 


7.1 
Табыстардың есебі 
Кәсіпорынның басқару аппараты қаржылық қорытынды есептің дұрыс әрі 
шынайы дайындалуына жауапты.
Қаржылық қорытынды есеп, әдетте, ішкі және сыртқы тұтынушылардың 
ақпараттық сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Бұл ретте, қаржылық қорытынды 
есепті дайындауда оның негізгі концепцияларын ұстану маңызды шарт.
Сақтық (консерватизм) принципі (conservatіsm)
, бұл - белгілі бір 
анықсыздық жағдайында есептеулер жасауда ұстанатын сақтық принципі, яғни 
акивтер мен табыстардың жоғары бағаланбауы, ал міндеттемелер мен 
шығыстардың төмен бағаланбау ұстанымы. 
Консерватизм принципі бойынша шектеу, егер концептуалдық 
принциптер екі альтернативаныда бірдей қатар қанағаттандырса, онда таңдау 
таза пайдаға және/немесе активтердің жалпы сомасына ең аз деңгейде
жағымды әсер беретініне таңдау жасалынады. Егер табыстарды бағалаудың екі 
альтернативті әдісі де рұқсат етілген жағдайда, онда бухгалтерлік есепте 
бағалау сомасының ең төменгі мөлшері таңдалынып алынады. Ал, 
міндеттемелерді бағалауда альтернативті әдістердің ішінен міндеттемелердің ең 
жоғарғы бағалануы таңдалынады. Табыстар, шығындар, пайда мен зиянның екі 
альтернативті сомаларының екеуінде де дәлелді күмән болса, онда бухгалтерлік
есепте таза пайда сомасына ең аз деңгейде жағымды эффект беретін әдіске 
таңдау жасалынады. 
Сақтық, бұл - есепке қандай мәліметтерді енгізу немесе өлшем сомасын 
нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, қаржылық қорытынды есептің 
ақпараттарын тұтынушылар көз қарасымен қарағанда, таза табыс пен активтер 
деңгейін артық бағалағаннан көрі, оны кем бағалау ұстанымы. Консерватизм 
принципін ұстану мысалдары болып, босалқылар мен мүліктерді бағалау үшін 
ең төменгі бағалар және нарықтық мүмкіндіктердің ең қолайсызы назарға 
алынады, негізгі құралдардың болжамды тиімді қызмет ету мерзімі және 
олардың қалдық құндарының ең азы таңдалынып содан амортизациясы 
есептелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет