Принциптері



Pdf көрінісі
бет87/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
6.6 Есеп саясаты 
“Есеп саясаты“ деген ұғым біздің пайдалануымызға халықаралық 
стандарттардың терминологиясын ерікті түрде аудару нәтижесінде еніп отыр.
Бухгалтерлік есептің 1 “Есеп саясаты және оның ашып көрсетілуі” деп 
аталатын қазақстандық стандартына сәйкес 
кәсіпорынның есеп саясаты
деп - 
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық қорытынды есептің мағынасын 
олардың принциптері мен негіздеріне сәйкес ашып көрсету үшін субъектінің 
басшысы пайдаланатын тәсілдердің жиынтығын айтады. 
Жоғарыда аталған стандартта есеп саясатын құру тәртіптері, оның мақсаты 
мен міндеттері, әрекет өрісі, ашылып көрсетілуі анықталған.
150 


Кәсіпорында қабалданған есеп саясатының басты міндеті – оның 
шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті 
және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты 
түрде жасалынуы және оның еспті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды 
есп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді, пікір 
қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды. 
Есеп саясаты бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін бірнеше жалпы 
көпшілік қабылдаған стандарттардың ішінен таңдап алу жолымен құрылуға 
тиісті. Егер стандарттарда қандай да болмасын бір объектінің есебін жүргізу 
тәсілі белгіленбеген болса, онда кәсіпорын бухгалтерлік есеп бойынша заңдық 
және нормативтік актілердің талаптарын ескере отырып, тиісті процедураларды 
өзі жасайды.
Есеп варианттарын таңдауға төмендегі факторлар әсерін тигізеді:
1.
Кәсіпорынның құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық статусы – 
меншік түрі (жеке меншік, мемлекеттік меншік), ұйымдық-құқықтық 
нысан (акционерлік қоғам, серіктестіктер және т.б.), шаруашылық 
қызметтің түрі, саласы (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және 
т.б.), көлемі (шаруашылық қызметтің масшабы, сатып-өткізу мөлшері, 
жұмыскерлердің саны және т.б.); 
2.
Кәсіпкерліктің ағымдағы және ұзақ мерзімді мақсаты (қосымша 
қаржылық ресурстарды тарту, рынокта бәсекелестік позицяны күшейту, 
инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру және т.б.); 
3.
Шаруашылық қызметтің ерекшеліктері - өндірістік (технологиялық 
құрылым, пайдаланылатын ресурстар), коммерциялық (жабдықтауды 
және сатып-өткізуді ұйымдастыру, есеп айырысу жүйесі және 
нысандары, сатып алушылармен қарым қатынас), қаржылық (банк 
мекемелерімен, салық жүйесімен қарым-қатынас), басқару (кәсіпорын-
ның құрылымы, меншік иелерінен тәуелсіздігі, олардың алдында есеп 
беру, техникалық жағынан қамтамасыз ету деңгейі, оның ішінде тек 
компьютерлік техникамен жабдықтау); 
4.
Кадрлармен қамтамасыз ету - қызметкерлердің квалификациялық 
деңгейі (тәжірибесі, іскерлігі және т.б.); 
5.
Шаруашылық ситуациялары – шаруашылық, салық төлеу, бухгалтерлік 
есеп заңдарының жағдайы, рынок инфраструктурасының даму деңгейі 
және т.б.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Бухгалтерлік есепке 
алу туралың жарлығына және бухгалтерлік есептің N1 қазақстандық 
стандартына сәйкес субъектілердегі есеп саясаты мынандай принциптерге 
негізделуге тиісті:
1. 
Есептеу 

табыстар мен шығындар бухгалтерлік есепте және қаржылық 
қорытынды есеп беруде нақты ақша қаражатының есеп айыру шотына 
151 


кәсіпорын кассасына келіп түсуі немесе төленуінің негізінде емес, табыстар мен 
шығыстардың пайда болуына қарай көрсетіледі;
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет