Принциптері



Pdf көрінісі
бет75/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
6.1 
Кәсіпорында бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру 
 
Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру 
принциптері мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп 
стандартына сәйкес кәсіпорынға оперативті басшылық жасау мен оны басқару 
үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-
алушылардың, кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен 
басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті кәсіпорынның 
шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері 
127 


жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету 
бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады. 
Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің 
нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра 
отырып, кәсіпорын: 
-
шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы 
құжаттардың нысандарын өкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз 
бетінше жасап бекітеді; 
-
өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді; 
-
есеп саясатын құрады; 
-
бухгалтерлік 
есептің 
қаржы 
және 
басқару 
бухгалтерияларына 
функционалдық бөлінуін жүзеге асырады; 
-
шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге 
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді 
қарастырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар “Бухгалтерлік есепке 
алу туралы” жарлығына сәйкес субъектінің талаптарына сай есеп жүйесін 
құруды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды кәсіпорын басшысы 
қамтамасыз етеді. Кәсіпорын басшысы есеп жұмысының көлеміне қарай: 
1.
бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлім ретінде бухгалтерлік 
қызметті құра алады; 
2.
штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізе алады; 
3.
бухгалтерлік есеп жүргізуді келісім-шарт негізінде мамандандырылған 
бухгалтерлік фирмаға немесе маман бухгалтерге бере алады; 
4.
бухгалтерлік есепті тікелей өзі жүргізе алады. 
Ірі шаруашылық жүргізуші субъектілер бас бухгалтер басқаратын 
бухгалтерлік қызметсіз іс тындыра алмайды, ал шағын кәсіпорындардың не 
штатқа бухгалтер лауазымын енгізуді таңдауға, не болмаса аудиторлық, 
бухгалтерлік фирмалармен немесе жеке жүріп қызмет көрсетуші бухгалтермен 
есеп жүргізу жөнінде келісім шарт жасауға мүмкіншілігі бар.
Бухгалтерлік есеп методологиясын және техникасын меңгерген шағын 
кәсіпорындардың басшылары бухгалтерлік есепті өздері жүргізіп, қаржылық 
қорытынды есепті дайындайды. Сөйтіп бухгалтерлік есеп бойынша мамандарды 
ұстауға кететін қаржыны үнемдейді. 
Субъектінің басшысы бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығына ие 
болатын адамдарды анықтайды. Мұндайда ол қол қою құқығының иерархиясын 
қызмет лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның маңызына 
байланысты белгілей алады. 
Бухгалтерлік есеп регистрлерінің және ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп 
берудің мазмұны кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады. 
Осыған байланысты, кәсіпорын басшысы сондай-ақ, бухгалтерлік есеп 
128 


регистрлеріне және ішкі бухгалтерлік қорытынды есебіне рұқсаты бар 
адамдарды айқындайды. 
Кәсіпорын басшысы бас бухгалтерді (штатта бас бухгалтер лауазымы 
болмаған жағдайда бухгалтерді) тағайындайды және жұмыстан босатады. 
Осы айтылғандардан байқайтынымыз, бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға 
жауапты тек субъект басшысы. Сондықтан, шаруашылық жүргізуші 
субъектілердің басшылары Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есепті 
нормативтік-құқықтық реттеу жүйесін жақсы білуге тиісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет