Принциптері


Өндірістік емес негізгі құралдардың



Pdf көрінісі
бет130/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Өндірістік емес негізгі құралдардың 
қатарына 
шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі 
құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) 
шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру 
және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа 
негізгі құралдар жатады. Экономиканың салаларына және істейтін 
қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл 
шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, 
құрылыс, 
материалдық-техникалық 
жабдықтау 
және 
сату-өткізу 
кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік 
сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да 
басқа салалар бойынша топтастырылады. 
Негізгі құралдарды экономиканың салаларына қарай топтастырған 
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған 
222 


жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы 
негізге алынады. 
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана 
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса, 
онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол 
шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа 
жатқызылады. 
Мысалы: Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп 
өнімдерін өндіру процессіне тікелей байланысты негізгі құралдардың 
барлығы өнеркәсіп саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа 
салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы 
бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін 
экономика саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті 
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді: 
1

Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер); 
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал қоралары, 
мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын сүрлейтін мұнаралар, 
суландыру жүйелері, көң қоймалары); 
3. Негізгі құралдар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш бергіш қондырғылар, 
электр двигательдері, бумен жұмыс істейтін двигательдер, топырақ өңдейтін, 
егін салатын, тұқым себетін және егін жинайтын машиналар мен құралдар, 
жем-шөп әзірлейтін машиналар, мал фермасының жабдықтары, электр 
жүйелері, жылу энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге арналған 
құралдар, телефон және радио жүйелері); 
4. Көлік құралдары (автокөліктердің барлық түрлері, авто-прицептер, қайық 
және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және шаналар); 
5. Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық құрал-
жабдықтар, өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе 
ағаштар, тағы басқалар). 
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай 
меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған 
болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды 
баланстан тыс 001-ші «Жалға алынған негізгі құралдарң – деп аталатын 
шотта есепке алады. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі құралдар 
жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа 
бөлінеді. 
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процессіндегі, яғни қолданыстағы негізгі 
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, 
белгілі себептермен басқада жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар 
жатқызылады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы 
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты есептен шығатын 
223 


негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар 
жатқызылады. 
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін 
оларды бағалау принципі үлкен роль атқарады. 
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында 
негізгі құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: өзіндік 
(бастапқы) құн, жойылу құны, амортизацияланушы (тозушы) құн, әділетті 
(сатып-өткізу) құн, баланстық құн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет