Принциптері


) негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебін қалай жүргізу  керек?



Pdf көрінісі
бет132/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
4)
негізгі құралдардың кәсіпорыннан шығуының есебін қалай жүргізу 
керек?
 
Әрі қарай осы сұрақтарға жауаптарды қарастырамыз.
Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі 
 
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы 
мүмкін: 
а) нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады; 
ә) несиеге алынады; 
б) кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде
(акцияларына айырбастау жолымен) алынады;
в) басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген
сыйы ретінде (тегін) алынады;
г) салу (құру), жасау арқылы алынады; 
д) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар 
«Негізгі құралдарды 
қабылдау-тапсыру актісінң
(№НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске 
алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы 
мәліметтер түгел көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды 
қабылдағанда мына мәліметер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, 
қабырғасы мен едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері 
көрсетіледі. Қабылдаған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық 
номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Құжат төменде 
келтірілді. Кәсіпорында негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу және олардың 
тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін негізгі құралдың әрбір түріне 
инвентарлық номер беріледі. Олар тұрақты түрде белгіленеді. Инвентарлық 
номер негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдың өзіне бояумен 
жазылады.
Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық 
объектілері бойынша есебі типтік нысандағы 
Мүліктік (инвентарлық) 
карточкаларда 
жүргізіледі (№НҚ-6 нысанындағы). Құжат төменде 
келтірілді. 
Инвентарлық объект
деп - өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті 
жабдықтары мен саймандарымен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін 
жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы 
бойынша жекеленген немесе біріктірілген бір зат болып саналып, белгілі бір 
қызметті атқаратын бұйымдарды айтады. 
Мүліктік карточкаға жазулар бастапқыда түгелдеу негізінде 
орындалады, ал одан кейінгі жазулар негізгі құралдарды есепке алу және 
есептен шығару құжаттарының, техникалық паспорттардың және тағы 
басқалар негізінде орындалып отырады. 
226 


Карточкаларда объектілердің қысқаша сипаттамасы мен жеке 
ерекшеліктері беріледі. Карточкалар әдетте бір дана етіп толтырылады.
Толтырылған мүліктік карточкалар 
«Негізгі құралдардың мүліктік 
карточкаларының тізімдемесіндең
(№НҚ-10 нысанындағы) тіркеледі. Бұл 
құжат субъект бухгалтериясында бір данада негізгі құралдардың жіктік 
топтары бойынша жүргізіледі. 
Объект есептен шыққанда тізімдемеде бұл жөнінде белгі жасалады, тиісті 
карточка жабылады. Барлық мүліктік карточкалар негізгі құралдардың 
картотекасында 
сақталады. 
Картотекада 
карточкалар 
жіктік 
(классификациялық) топтар және пайдалану орындары бойынша орналасады. 
Картотекамен жұмыс істеуді оңайлату үшін әр топ бір-бірінен арнайы 
бөлшектермен бөлінеді. Картотекада негізгі құралдардың әрбір жіктік 
тобының алдына 
«Негізгі құралдар қозғалысының есебін жүргізу 
карточкасың 
(№НҚ-12 нысанындағы) орналастырылып, онда әр топтағы 
объектілердің барлық қозғалысы көрсетіліп отырады. Бұл карточкаларда 
негізгі құралдардың есебі әр топ бойынша жиынтық сомамен ғана беріледі. 
Әрбір жіктік топ бойынша айдың басындағы қалдық көрсетіледі. Есеп беру 
кезеңінің (кварталдың, жылдың) аяғында жинақтары есептеледі жоспарының 
2410-
Негізгі шотының дебеті бойынша кіріске алынады. 
Әрі қарай жоғарыда аталған әдістер бойынша кәсіпорынға алынған 
негізгі. Бұл мәліметтермен қатар карточкада негізгі құралдарды қалпына 
келтіруге есептелген амортизациялық аударымдар сомасы мен күрделі 
жөндеуге жұмсалған шығындар көрсетіледі. Сонымен аталған карточка 
негізгі құралдардың әрбір жіктік (классификациялық) тобы бойынша 
қозғалысын көрсететін аналитикалық шот десе де болады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдаршоттар құралдардың өзіндік 
(бастапқы) құнын анықтауды және негізгі құралдардың кіріске алынуы 
бойынша операциялардың бухгалтерлік есепте тіркелуін қарастырамыз.
1. 
Нақты ақшаға сатып алынған негізгі құралдарды есепке алу
Жер.
Жерді сатып алу кезінде оның құнынан басқа төленетін қосымша 
шығындар жиі пайда болып отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты 
2410 
«Жерң шотының дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: 
агенттерге төленетін ақы, адвокаттар қызметінің төлемі, сатып алушы 
төлейтін салық сомасы, жерді құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады. 
Мысалы, 
«Тұлпарң акционерлік қоғамы жаңа қызметтің түрін 
ұйымдастыру үшін жер учаскесін сатып алды делік. Ол жердің сатып алу 
бағасы бойынша құны – 1 700 000 теңге төледі, брокердің қызметін 
пайдаланғаны үшін 60 000 теңге төледі және адвокаттың қызметіне 20 000 
теңге төледі, сол жерде тұрған жойылу құны 4 000 теңге тұратын ескі 
ғимаратты бұзу үшін 10 000 теңге төледі, жерді тегістеу үшін – 10 000 теңге 
төледі. Сөйтіп сатып алынған жер учаскесінің өзіндік (бастапқы) құны 1 806 
000 теңге болды. 
227 


ДТ 2410 «Жерң
КТ 
Сатып алу бағасы бойынша 1 700 000 
Брокер қызметінің ақысы 60 000 
Адвокат қызметінің ақысы 20 000 
Ескі ғимаратты бұзу үшін төленді 10 000 
Минус: 
ғимараттың жойылу құны 4000 
6000 
Жерді тегістеу шығындары 10 000 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет