Принциптері



Pdf көрінісі
бет134/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Бағалау 
Пайыздық үлесі 
Паушальдық бағаны 
бөлу 
Жер 
100 000 
10 
85 000 
Ғимарат 
900 000 
90 
765 000 
Жиынтығы: 
1 000 000 
100 
850 000 
2. 
Несиеге алынған негізгі құралдарды есепке алу 
Негізгі құралдарды төлем жасаудың әдеттегі жағдайынан артық кезеңге 
төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған кезде олардың өзіндік құны 
сатып алу бағасына тең болады. Осы шамамен төленетін соманың 
арасындағы айырмашылық несие бойынша процент төлеу шығыстары 
ретінде танылады (есепке алынады). Ал егер несие негізгі құралдар 
объектісін салу үшін алынатын болса, онда процент бойынша шығындар сол 
объектінің өзіндік құнына жатқызылады.
3.
 
Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылған үлес ретінде 
қабылданған (акцияларға айырбастау арқылы алынған) негізгі 
құралдарды есепке алу
Кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылған үлес ретінде кіріске 
алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы) құны олардың әділетті 
(нарықтық) құны бойынша не болмаса шығарылған акциялардың әділетті 
(нарықтық) құны бойынша анықталады. Мысалы, «Арманң акционерлік 
қоғамының акцияларына бұрын пайдалануда болған жабдық салынды делік. 
Жабдықтың техникалық күйі жақсы, бірақ әдетте ол пайдалану мерзімі 
біткенге дейін сатылмайды. Сондықтан оның дұрыс нарықтық бағасын 
анықтау қиын. Жабдықтың төлемі ретінде «Арманң акционерлік қоғамы 
әрқайсысының номиналдық құны 100 теңге болатын 2000 қарапайым 
акцияларды берді. «Арманң акционерлік қоғамы Қор Биржасында өзінің бір 
акциясын 120 теңгеден сатып-өткізеді. Демек, акцияға салынған жабдықтың 
өзіндік (бастапқы) құны – 240 000 теңге болады. Бухгалтерлік есепте 
жабдықтың кіріске алынуын төмендегі жазу арқылы көрсетуге болады: 

ДТ КТ 
2410 «Негізгі құралдарң 240 000 

5110 «Төленбеген капиталң 200 000 

5030 «Қосымша төленген капиталң 40 000


229 


Егер құнды қағаздардың нарықтық құнын дұрыс анықтау мүмкін 
болмайтын болса, онда алынған активтің нарықтық құны (егер оның әділетті 
құнын нақты анықтауға болатын болса) пайдаланылады. 
Мысалы,
жабдықтың нарықтық құны – 220 000 теңге делік. Онда жабдықты кіріске 
алу былайша көрсетіледі: 

ДТ КТ 
2410 «Негізгі құралдарң 220 000 

5110 «Төленбеген капиталң 200 000 

5030 «Қосымша төленген капиталң 20 000

Егер жақын уақытта ондай негізгі құрал ақшалай негізде сатылмаған болса, 
онда активке тәуелсіз эксперттік (сараптамалық) бағалау жүргізуге болады.
4.
Сыйға алынған және үкімет субсидясы ретінде қабылданған негізгі 
құралдарды есепке алу 
Кейде мемлекеттік органдардың қандайда бір кәсіпорынға оның өз 
өндірісін белгілі бір ауданға орналастыруына жағдай жасау, яғни 
кәсіпорынды материалдық жағынан көтермелеу мақсатында негізгі құралдар 
объектісін сыйлық ретінде беретін жағдайлар болады. Мұны жергілікті 
үкімет органдары салық базасын жақсарту және жергілікті халықты 
жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Ал кейбір 
жағдайларда негізгі құралдарды акционерлер Акционерлік Қоғам қаржылық 
қиындықтарға ұшыраған кезде оған көмек көрсету ниетімен береді. Сондай-
ақ, негізгі құралдар кәсіпорынға белгілі бір шарттардың (мысалы, 
белгіленген мерзімге адамдардың белгілі бір санын жұмысқа қабылдау) 
негізінде сыйға тартылады.
Үкімет субсидиясы – кәсіпорынның операциялық қызметімен 
байланысты белгілі бір шарттардың сақталуына айырбас ретінде оған 
ресурстар беру нысанындағы үкіметтің көмегі. Негізді бағалануы мүмкін 
емес үкімет көмегінің нысандары субсидияға жатпайды. Егер шарт 
орындалмаса алынған көмектің құнын қайтару талап етіледі. 
Негізгі құралдардың сыйға және үкімет субсидиясы ретінде берілуі – 
бұл ресурстың бір бағытта берілуі. Бір жақты беру нәтижесінде алынған 
негізгі құрал сараптау (эксперттік) жолымен немесе берілген құжаттардың 
негізінде анықталған активтің әділетті (нарықтық) құнымен бағаланады.
Сыйға алынған немесе үкімет субсидиясы ретінде алынған активтерді 
(негізгі құралдарды) есепке алудың екі негізгі тәсілі бар. 
Бірінші (капитал 
позициясына негізделген)
әдіс 
бойынша сыйлық немесе үкімет субсидиясы 
ретінде есепке алынған негізгі құралдар кәсіпорынның тікелей капиталын 
көбейтеді, таза табысына (пайдасына) әсер етпейді. Яғни, егер сыйлау кезінде 
қандай да бір басқа шарттар қойылмаған болса, сыйға алынған активтің 
(негізгі құралдың) ағымдағы нарықтық құнын дұрыс бағалау негізінде 
активтер мен меншікті капитал шоттары көбейеді.
Екінші (табыс позициясына негізделген) әдіс
бойынша есепке алынған 
негізгі құралдардың әділетті нарықтық құны кәсіпорынның табысына (бір 
230 


немесе бірнеше кезеңдегі) жатқызылады. Яғни, сыйға немесе үкімет 
субсидиясы ретінде алынған негізгі құралдар акционерлермен байланысты 
емес көздерден келіп түсетін активтер болып табылады, сондықтан оларды 
капитал шотына тікелей апаруға болмайды. Бұлар тиісті кезеңнің табысы 
ретінде танылуға тисіті. Отандық тәжірибеде сыйға тартылған немесе үкімет 
субсидиясы ретінде алынған негізгі құралдарды есепке алуда екінші әдіс 
(табыс позициясына негізделген) пайдаланылады.
Мысалы, 2012 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласының әкімшілігі 
«Тұлпарң АҚ-на осы жерде оның өндіріс құруын ынталандыру мақсатында 
өндірістік ғимаратты (нарықтық құны 5 000 000 тг.) және сол ғимарат тұрған 
жерді (нарықтық құны 1 000 000 тг.) сыйға берді. Акционерлік қоғамның 
бухгалтерлік есебінде бұл операция төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы 
көрсетіледі. 

ДТ КТ 
2410 «Жерң 1 000 000 
2410 «Ғимараттар мен құрылғыларң 5 000 000 

6220 «Тегін алынған активтер бойынша табыс 6 000 000

Егер жоғарыда аталған негізгі құралдар үкімет субсидиясы ретінде 
алынған болса: 

ДТ КТ 
2410 «Жерң 1 000 000 
2
410 «Ғимараттар мен құрылғыларң 5 000 000 

6230 «Атқарушы өкімет органдарының субсидияларың 6 000 000
 
Сыйлықты немесе үкімет субсидиясын алыну сәтінде табыс ретінде 
тану (есепке алу) оларды тек есептік кезеңдер бойынша бөліп тарату базасы 
болмаған жағдайда ғана қолайлы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет