Принциптері


амортизация ң – деп аталады. Амортизация



Pdf көрінісі
бет136/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

амортизация
ң – деп аталады.
Амортизация дегеніміз
– 
активтердің амортизацияланған құнын оларды 
пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың ақшалай 
көрінісі. 
Негізгі құралдарды қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған 
бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар 
ретінде қосылады. 
Амортизациялық аударымдар дегеніміз
– 
негізгі құралдардың 
амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық 
сомасы. 
Жоғарыда аталған бухгалтерлік есеп стандартында амортизацияны 
есептеудің төмендегі әдістері ұсынылған: 
1. 
Негізгі құралдардың құнын бірқалыпты (түзу сызықты)
есептен 
шығару әдісі
, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс 
шығындарына біркелкі апарылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның 
қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген 
және ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген 
әдіс. Әрбір мерзім (жыл) үшін амортизациялық жарна сомасы 
амортизацияланушы құнды (объектінің бастапқы құнынан оның жойылу 
құнынан алып тастағандағы) объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы 
есептелінеді. Амортизациялау нормасы тұрақты болады. Мысалы, жүк 
автокөлігінің бастапқы құны – 150 000 теңге, оның 5 жыл мерзім өткеннен 
кейінгі жойылу құны 10 000 теңге. Мұндай жағдайда жыл сайынғы 
232 


амортизациялау нормасы амортизацияланушы құнның 20 пайызын құрайды 
немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 28 000 теңге болады. 
Негізгі құралдардың амортизациясын бірқалыпты әдіс бойынша есептеу 
төменде келтірілді. 
 
Бастапқы құны – жойылу құны =150 000 – 10 000 = 28 000 теңге 

пайдалану мерзімі 5 жыл 
Төменде (кесте 9.1.) негізгі құралдардың құнын бірқалыпты (түзу 
сызықты) әдіс бойынша есептен шығару көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет