9.3 Кесте - Негізгі құралдардың құнын кумулятивтік әдіс бойынша есептен шығару Бастап- қы құны Амортизацияның жылдық сомасы Жинақ- талған тозу сомасы Қалдық құны Сатып алынған мерзімі
1-
ші жылдың аяғында
2-
ші жылдың аяғында
3-
ші жылдың аяғында
4-
ші жылдың аяғында
5-
ші жылдың аяғында
150 000
150 000
150 000
150 000
150 000
150 000
-
5/15х140 000= 46 667
4/15х140 000 = 37 333
3/15х140 000 = 28 000
2/15х140 000 = 18 667
1/15х140 000 = 9 333
-
46 667
84 000
112 000
130 667
140 000
150 000
103 333
66 000
38 000
19 333
10 000
Азайып отыратын қалдық әдісі Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің принциптеріне негізделген. Оны екі
еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы азайып отыратын
қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы, жоғарыда айтылған автокөліктің қызмет
ету (пайдалану) мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде амортизациялау
нормасы 20 пайыз болады (100%:5).
Екі еселенген нормамен есептелінетін, азайып отыратын қалдық әдісінде
амортизациялау нормасы 40 пайыз (20%х2) болады. Бұл белгіленген ставка
(40%) қалдық құнға әрбір жылдың соңында апарылады.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды
қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп
саналады. Автокөліктің бастапқы құны 150 000 теңге. Бес жыл бойы
амортизация мынадай мөлшерде есептелінеді (кесте 9.4.).
Бұл кестеден амортизациялау нормасы барлық уақытта қалдық құнға
қолданылғандығын көреміз. Амортизация сомасы жылдан жылға азайып
отырады. Соңғы жылда амортизация сомасы қалдық құнды жойылу құнына
дейін азайту үшін қажетті сомамен шектеледі.
Жеделдетілген амортизация әдістері негізгі құралдардың сапалық
тозуынан болатын зияндарды тез азайтуға мүмкіндік береді, экономиканың
барлық салаларында тездетіп қайта жабдықтауды қамтамасыз етеді.
235