Принциптері



Pdf көрінісі
бет189/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
11
.2 Бухгалтерлік баланс 
 
Өз бетінше есеп жүргізетін кез-келген шаруашылық жүргізуші 
субъектінің белгілі бір мезгілдегі қаржылық жағдайы бухгалтерлік баланста 
бейнеленеді. 
Бухгалтерлік баланс субъектінің активтерін, міндеттемелерін және 
меншікті капиталын көрсетеді. 
Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтердің, меншікті капиталдың, ұзақ 
мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы бухгалтерлік 
баланста былайша ашып көрсетіледі: 
Ұзақ мерзімді активтер: 
Негізгі құралдар мынадай баптарда ашып көрсетілуге тиісті: 
1.
жер; 
2.
ғимараттар мен құрылғылар; 
3.
машиналар мен жабдықтар; 
4.
жіктеуге сәйкес негізгі құралдардың басқадай түрлері; 
5.
жинақталған тозу; 
6.
аяқталмаған күрделі құрылыс. 
336 


Түсіндірме хатта олардың ішінен ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі 
құралдар және ақшасы кейін төленетін негізгі құралдар жеке (бөлек) 
көрсетілуге тисті. 
Ұзақ мерзімді активтердің төмендегі баптары жеке ашып көрсетілуге тиісті: 
1.
Материалдық емес активтер, амортизациялау кезеңін, әдісін және есепті 
кезеңдегі есептен шығарылғандарын көрсете отырып: 
-
гудвилл; 
-
патенттер, тауар таңбалары және басқалар. 
2.
Ұзақ мерзімді инвестициялар: 
-
тәуелді заңды ұйымдарға инвестициялар; 
-
басқадай инвестициялар, егер олардың баланстық құнынан өзгеше
болса, ағымдағы құнын көрсете отырып; 
3.
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар: 
-
алынуға тиісті шоттар; 
-
алынған вексельдер; 
-
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері
арасындағы ішкі операциялардың нәтижесінде пайда болған
дебиторлық борыштар; 
-
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық
борыштары; 
-
басқадай дебиторлық борыштар. 
4.
Алдағы уақыттың есебіне жататын шығыстар: 
 
Ағымдағы активтер 
Ағымдағы активтер ашып көрсетілуге тиісті төмендегі активтерден тұрады: 
1.
Тауарлы-материалдық босалқылар; 
2.
Есепті мерзімнен кейін бір жылдың ішінде есептен шығарылуы мүмкін 
алдағы уақыттың есебіне жататын шығыстар; 
3.
Ақша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылатын ақша қаражаттары 
ағымдағы активтерге жатқызылады, егер шектеу бір жылдың ішінде алынып 
тасталынатын болса; 
4.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, егер олардың баланстық 
құнынан айырмашылығы бар болса, ағымдағы құнын көрсете отырып; 
5.
Есепті кезеңнен кейінгі бір жылдың ішінде алынуға тиісті дебиторлық 
борыштар: 
-
ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемде; 
-
алынуға тиісті шоттар; 
-
алынған вексельдер; 
-
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері
арасындағы ішкі операциялардың нәтижесінде пайда болған
дебиторлық борыштар; 
-
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық
337 


борыштары; 
-
басқадай дебиторлық борыштар. 
Ағымдағы активтерге дебиторлық борыштар толығымен кіргізіледі, егер бір 
жылдың ішінде алынбайтын сома анықталған болса. 
Меншікті капитал 
Жарғылық капитал 
Түсіндірме хатта заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы есепті кезең 
ішіндегі өзгерістер туралы ақпараттарды ашып көрсету қажет. 
Акционерлік қоғамда акциялардың әрбір түрі бойынша төмендегі 
мәліметтер ашып көрсетілуге тиісті: 
-
хабарланған, шығарылған және айналымдағы (хабарланған, жазылған
және төленген капитал) акциялардың саны және сомасы; 
-
төленбеген капитал; 
-
акциялардың номиналдық және ағымдағы құны; 
-
олардың иелерінің құқықтары, дивиденд бөлудің шарттары; 
-
артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивидендтер; 
-
заңды тұлғаның қайтарып алған меншікті акциялары (айналымнан
шығарылған); 
-
алдағы уақытта шығару үшін хабарланған акциялар; 
-
басқадай капиталдың төмендегі баптары олардың есепті кезең ішіндегі
қозғалысын, пайдаланылуы бойынша шектеулерді көрсете отырып, ашып
көрсетілуге тиісті: 
-
акциялар бойынша сыйақы (қосымша төленген капитал); 
-
негізгі құралдарды, инвестицияларды қайта бағалау сомалары; 
-
резервтік капитал; 
-
бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян). 
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсету кезінде баланстың төмендегі 
баптары (бір жылдың ішінде жабылатын бөлігін алып тастағанда) жеке ашып 
көрсетілуге тиісті: 
1.
Қамтамасыз етілген несиелер; 
2.
Қамтамасыз етілмеген несиелер; 
3.
Негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктерінің 
бір-біріне беретін несиелері; 
4.
Кейінге қалдырылған салықтар. 
Түсіндірме хатта проценттік ставкалар, несиелердің қайтарылу мерзімі, 
төлемдердің кезегі және несие келісім-шартынан және қарыз беру шартынан 
туындайтын басқадай ерекшеліктер ашып көрсетілуге тиісті. 
Ағымдағы міндеттемелер 
Ағымдағы міндеттемелердің төмендегі баптары (кредиторлардың талаптары 
бойынша төленуге тиісті міндеттемелерді және есепті кезеңнен кейін бір 
338 


жылдың ішінде жабылуға жататын ұзақ мерзімді міндеттемелердің белгілі бір 
бөлігін қоса есептегенде) ашып көрсетілуге тиісті: 
1.
қысқа мерзімді несиелер және овердрафт; 
2.
ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі (егер ол 20 пунктке сәйкес 
алынып тасталмаған болса); 
3.
кредиторлық борыштар: 
-
төленуге тиісті шоттар және вексельдер; 
-
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар; 
-
салықтар бойынша қарыз; 
-
төленуге тиісті дивидендтер; 
-
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері
арасындағы қарыздар; 
-
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына борыштар; 
-
басқадай кредиторлық борыштар. 
4.
төленуге тиісті есептелінген шығыстар; 
5.
алдағы уақыттың есебіне жататын табыстар; 
6.
төтенше жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер. 
Егер заңды тұлға міндеттемелерді несие келісім шартына сәйкес ұзақ мерзім 
негізінде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді 
міндеттемелердің ағымдағы бөлігі ағымдағы міндеттемелерден алынып 
тасталынады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомасы және қайта 
қаржыландыру мерзімі ашып көрсетілуге тиісті. 
Бухгалтерлік есептің 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық қорытынды 
есептегі негізгі ашып көрсетулерң стандартының (БЕС-2), қаржылық 
қорытынды есепті құру бойынша әдістемелік ұсыныстардың негізінде құрылған 
c
убъектінің бухгалтерлік балансы төмендегі кестеде (11.1.) келтірілді.
339 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет