Принциптері


 Кесте - Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі



Pdf көрінісі
бет192/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

11.2 Кесте - Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі 
жөніндегі қорытынды есеп 
31 желтоқсан 2012 жыл 
(мың теңге) 
№ 
Көрсеткіштер атаулары 
Табыстар 
Шығыстар 





Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып- 
өткізуден түскен табыс 
10969 
– 

Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыс- 
тың, қызметтің) өзіндік құны 
х 
5675 

Жалпы табыс 
5294 
– 

Кезеңдік шығыстар 
Оның ішінде: 

жалпы және әкімшілік шығыстар 

проценттерді төлеу бойынша
шығыстар 

сатып-өткізу шығыстары 
х 
х 
х 
х 
4245 
3064 
1181 
– 

Негізгі қызметтен түскен табыс (зиян) 
1049 
– 

Қосалқы қызметтен түскен табыс (зиян) 
4967 
4947 

Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен 
алынған табыс (зиян) 
1069 
– 

Табыс салығы бойынша шығыстар 
х 
969 

Салық салынғаннан кейінгі кәдімгі 
қызметтен алынған табыс (зиян)
100 
– 
10 
Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян) 


11 
Таза табыс (зиян) 
100 
– 
11.4 Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп 
Субъектінің қаржылық қорытынды есебінің барлық нысандары белгілі бір 
мақсатпен құрылады. Баланста субъектінің экономикалық ресурстарының 
(активінің) белгілі бір мерзімдегі нақты бары мен оларды қаржыландыру 
көздерінің жағдайы көрсетіледі. Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің 
нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде оның есеп беру мерзімінде алған 
табысы көрсетіледі. 
344 


Қорытынды есептің аталмыш нысандары субъектінің қаржылық 
жағдайын қарастыруда туындайтын барлық сұрақтарға жауап бере алмайды. 
Мысалы, субъектінің дивиденд төлеуге жататын ақша қаражаттары бар ма? Ол 
өзінің кредиторлық борыштарын жаба ала ма? т.б.
Осы сұрақтардың барлығына жауап беретін қаржылық қорытынды есептің 
жаңа нысаны - Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі 
мақсаты: 
1.
Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп 
түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру; 
2.
Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық 
және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру. 
Операциялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғаның табыс табу бойынша 
негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне 
жатпайтын басқадай қызметі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша 
қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана 
отырып ашып көрсетеді: 
1. Тікелей әдіс – бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері 
ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны 
зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын 
анықтауға негізделген. 
Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі 
қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну 
керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен 
бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның 
сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін 
проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. 
Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының 
сомасын шығарады.
Тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда 
болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға 
төмендегі операциялар жатады: 
а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша 
қаражаттары; 
ә) жөнелтілетін тауарлы-материалдық босалқылар, көрсетілетін қызмет 
үшін алынған аванстардың сомасы; 
б) проценттер, дивидендтер, басқадай әр түрлі сипаттағы табыстардың 
келіп түсуі. 
Ақша қаражаттарының шығуы: 
а) келіп түскен тауарлар және көрсетілген қызмет үшін 
жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу; 
345 


ә) келіп түсетін тауарлы-материалдық құндылықтар, көрсетілетін 
қызметтер, атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу; 
б) еңбек ақы төлеу және басқадай төлемдер; 
в) бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру 
органдарымен, бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысу; 
г) проценттерді төлеу; 
д) басқадай төлемдер.
Төменде бухгалтерлік есептің 4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы 
жөніндегі қорытынды есепң деп аталатын ұлттық стандартының (БЕС 4), 
қаржылық қорытынды есепті құру бойынша әдістемелік ұсыныстардың 
негізінде құрылған субъектінің Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі 
қорытынды есебі келтірілді (кесте 11.3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет