Монғолдардың жаулап алуына байланысты Қазақстанда антропологиялық процестер де жаңа өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі – 150-200 жылға кешеуілдеді. Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтады. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары (қыпшақтар) басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер Үйсін жауынгерлері.өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. ХІV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғанын жазған: тарихшы Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани.
Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: Қазақ. XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы болатын. Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды. Қазақ хандығының құрылуына, қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды. «Өзбек-өз ағам» деген мәтел бұл екі халықтың түбі бір болғандығын көрсетеді.
2. «Қазақ» атауы."Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. "Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі? деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.