Халықаралық олимпиада алғаш рет 350 оқушының қатысуымен мобильді роботтарды бағдарламалау мен құрастыру шеберлігі бойынша, 2004 жылы Сингапурда өтті. Бүгінгі таңда олимпиада 50-ге жуық мемлекеттерді қамтиды – бұл деген сөз робототехникаға қызыққан 10 мыңдаған дарынды балалардың бірігуі. 2014 жылы WRO сайысына қатысатын топтардың жалпы саны, әлем бойынша, 18 мыңға жуық болды. Жеткіншек құрастырушылар үшін тапсырмалар жыл сайын өзгере отырып күрделене түседі.
Олимпиада қатысушылары өздерінің роботтарын LEGO MINDSTORMS Education жиынтығы арқылы құрастыра алады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым – білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек...”, - деген сөзін ойымызға түйіп, сол ертеңнің тұтқа ұстаушылары бүгінгі алдымыздағы жас ұрпаққа саналы тәрбие мен талапқа сай білім беру сіз бен біздің басты міндетіміз. Елбасымыздың осындай ұлағатты сөздерімен жобамды аяқтаймын.