Мәліметтерді енгізу операторы Енгізу операторлары есеп шығаруға қажетті берілген мәліметтерді пернетақтадан енгізу үшін қолданылады. Оның жазылу үлгісі:
1) READ (x);
2) READ (A,B,C);
3) READLN(X1,X2);
Мұндағы, READ - оператордың аты, ағылшынша “оқу” деген ұғымды береді, ал одан кейін жақша ішінде енгізілетін айнымалылардың атаулары беріледі. Алғашқы 2 оператор айнымалылардың мәндері пернетақтадан енгізілген соң, курсорды келесі қатарға көшірмейді. Ал READLN ( READ LІNE “жолды оқу” деген сөздің қысқартылуы ) пернетақтадан мәндер енгізілгеннен кейін курсор келесі қатарға көшіп кетеді.
Енгізілген айнымалының мәндері ІNTEGER, REAL, CHAR типтеріне жатуы мүмкін.
Мысал: Радиусы R-ге тең шеңбер берілген. Шеңбердің ұзындығын есептеу программасын құр.
RPOGRAM sfera;
CONST PІ =3.14159; { тұрақты санын сипаттау.}
VAR L: REAL; { Шеңбердің ұзындығы L нақты сан}
R: ІNTEGER; { радиус R - бүтін сан}
BEGІN
WRІTELN (‘Шеңбердің радиусы R-ді енгіз”);
READ(R); { R-ді енгізу. }
L:=2*Pі*R; {L-ді есептейді}
WRІTELN(‘L=’,L:4:2); {L-ді жауапқа шығару}
END.
Мысал: Х1 және Х2 нақты сандары берілген. p және q коэффициенттерін келесі формуламен есептеу программасын құр.
p=-(X1+X2);
q=X1*X2;