Бақылау сұрақтары:
1.Программа құрылымын қалай сипаттауға болады?
2.Паскаль тілінің алфавитіне не жатады?
3.Идентификатор деген не, оған не жатады?
4.Айнымалылар, тұрақтылар деген не және олардың белгіленуі?
5.Паскаль тіліндегі стандартты функциялар қандай қызмет атқарады?
6.Белгілерді қандай жағдайда пайдаланады?
Тапсырмалар
Төмендегі берілген өрнектерді Паскаль тіліне аударып жаз.
Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Программа құрылымы, енгізу-шығару операторлары
Мақсаты: Паскаль тілінің шығу тарихымен, алфавитімен танысу
Паскаль тілі блокты құрылымдардан, яғни программа жеке блоктардан құралған. Жалпы блок оның тақырыбынан, сонан соң сипаттамалық және операторлық бөліктерден тұрады. Блоктың тақырыбын әркім өз қалауынша қояды, бірақ ол блоктың ішкі мазмұнына байланысты болуы қажет. Блок программаны, процедураны немесе функцияны көрсетуі мүмкін.
Программа тақырыбы PROGRAM сөзінен және программаның атауынан тұрады. Турбо Паскальдың 7 версиясында программа тақырыбын жазбай-ақ қойса да болады. Сипаттаманы беру бөлігі программада кездесетін барлық мәліметтерді хабарлауға және соларды сипаттауға арналған. Кей жағдайда сипаттау бөлігінің жоқ та болуы ықтимал. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады және ол BEGІN түйінді сөзімен басталып, END сөзімен аяқталады.
Программаның жазылу құрылымы:
PROGRAM аты;
мәліметтердің аты;
мәліметтердің типін көрсетіп сипаттау;
олардың мүмкін мәндері;
BEGІN
операторлар тізбегі;
нәтижелер тізбегі;
END.
Мұндағы PROGRAM - программа, BEGІN - программаның басы, END - программаның соңы деген мағынаны білдіреді. (;) белгісі операторларды бір-бірінен ажырату үшін жазылады, бірақ ол соңғы оператордан кейін қойылмайды. Программаның соңы END сөзінен кейін ғана (.) қойылады, ол программаның аяқталғанын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |