ПАРАМЕТРЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АЙМАҒЫ
Қарастырылатын сұрақтар:
Процедура параметрлері;
Паскаль тілінің негізгі блоктары;
Процедура тақырыбында сипатталған параметрлер (белгілер, тұрақтылар, айнымалылар) жергілікті объектілер деп аталады. Олар тек осы процедура ішінде анықталушы болып саналады да негізгі программада пайдаланылмайды. Бұл объектілердің барлығы процедура іске қосылғанда ғана пайда болады да, процедура жұмысын аяқтағанда жойылады. Егер бір негізгі программа құрамында жұмыс істеудің бір айнымалысы, мысалы А кездесетін болса, онда ол әр процедурада, әр айнымалы болып саналады яғни, әрбір процедурада ішіндегі объектілер соның ішінде анықталған жергілікті объект болып табылады. Ал негізгі программаның сипаттау бөлімінде анықталған объектілер сол программаның өзінде де оның ішінде қосалқы программада да (процедуралар, функциялар) пайдаланыла береді. Өйткені олар ортақ (ауқымды) объектілер мен оның ішкі қосалқы программалар арасында мәлімет алмасу тек нақтылы параметрлер ғана емес, осы ортақ объектілер арқылы да жүргізіледі. Егер бір идентификатор, мысалы, В негізгі программада да және оның ішкі программасында да сипатталып анықталған болса, ол ортақ объект ретінде қарастырылады. Бірақ процедура ішінен ортақ объектіні пайдалана алмаймыз. Өйткені ол сол атаумен белгіленген ішкі жергілікті объектімен алмасқан болып саналады. Паскаль программалау тілінде процедуралар мен функцияларды бірінің ішіне бірін салып қабаттай беруге рұқсат етілген. Негізгі программада сипатталған процедура ішінде басқа да ішкі процедуралар мен функциялар сипатталуы мүмкін. Мұндайда шақыратын процедурада анықталатын объектілер оның ішкі процедурасына ауқымды, яғни ортақ объектілері болып табылады.
Сонымен әр түрлі блоктарда сипатталған объектілерді дұрыс пайдалану үшін мынандай ережелерді орындаған жөн:
Кез келген бір блокта сипатталған объектілер атаулары осы блоктың өзінде және ішкі блоктарындағы белгілі болып табылады.
Бір блокта сипаттаған объектілер бір – бірінен бөлек болуы тиіс. Ал, әртүрлі блоктардағы атаулары бірдей объектілер бола береді.
Егер блокта сипатталған бір объектінің атауы оның сыртқы блогында кездесетін болса, онда сыртқы блоктағы сол объект ішкі блокта пайдаланылмайды.
Осы ережелерді 1-суреттегі құрылымға пайдаланайық.
Осы суретке қарап мынадай тұжырымдардың дұрыстығына көз жеткіземіз: В блогында анықталған объектілер осы блокта және С, D блоктарында пайдаланыла береді. Бірақ, А блогында белгісіз болып табылады. F блогында анықталған объектілер тек осы блокта анықталуы тиіс.
Мысалы: Дөңес төртбұрыштың төрт қабырғасымен бір диоганалінің ұзындығы бойынша оның ауданын тауып көрейік.
Д өңес төртбұрыштың диогоналі оны екі үшбұрышқа бөледі. Әрбір үшбұрыштың ауданын табу үшін белгілі Герон формуласын қолданамыз.
P
2-сурет. ABCD төртбұрышы.
= ;
S= ;
Бұл төртбұрыштың ауданын табу үшін үшбұрыштың программасын 2 рет пайдаланамыз.
Program B20;
Var AB, BC, CD, DA, AC, S1, S, a, b, c, P: real;
Procedure Str1;
Begin
P:= (a+b+c)/2;
S:= sqrt (P*(P-a)*(P-b)*(P-c));
End;
Begin
Real (AB, BC, CD, DA, AC) ;
а:=AB, b:=AC, c:=CD;
Str1;
S1:=S1+S;
Write (‘S1=’, S1);
End.
Бұл программада Str1 процедураны 2 рет пайдаландық. Әр пайдалану алдында а, b, с айнымалылар жаңа мәндер қабылдап отырды, мұндағы а,b,с айнымалылары негізгі программада да, процедурада да пайдаланылды. Яғни оларды ортақ айнымалылар ретінде қарастыру керек. Ал, Р айнымалысы тек процедурада ғана пайдаланылды. Сондықтан оны ортақ емес жергілікті айнымалы ретінде қарастырылып, тек қосалқы программада сипаттау жеткілікті.
Достарыңызбен бөлісу: |