Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет68/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1
1515046519, 1544329362-1, 1544329362-1, О у жылында ы Баланы жеке даму картасы Баланы аты-ж ні Алтай Ж
With операторы
Егер операторда құрама атаулар қолданылса, онда мұндай операторлар тым үлкен көлемде болады. Осындай жағдайда жазба атауын өріс атауларының сыртына шығарып, өрістермен әр түрлі әрекеттер орындай аламыз. Ал жазба атауын тақырып ретінде қоюға болады. Мұндай тақырыпты жасауға With операторы мүмкіндік береді. With операторының түрі төмендегідей.
With p do s;
Мұнда With және do резевтелген сөздері қолданылған, олар сәйкесінше осыдан бастап және орындау мағыналарына ие. P идентификаторы - комбинацияланған типті айнымалының атауы, S - оператор (көбінесе құрама).
Жоғарыда көрсетілген мысалдағы Assistant жазбасының 6 өрісін шақыруды төмендегідей ұйымдастыруға болады.
With Assistant do
Begin
ID:=19876;
Write(FirstName);
Read(SecondName);
SurName:= ‘Петров’;
a:=Standing;
b:=Salary/100
end;
Бұл жерде Assistant айнымалысы With операторынан кейін бір рет қана қолданылып тұр. Содан кейін өрістермен барлық амалдар тек қана өріс атауын көрсету арқылы орындалып тұр.
Жазбалармен жұмыс істеуге бір мысал келтірейік.
program Stud;
uses crt;
type
student=record
fam:string[20];
aty:string[10];
jasy:integer;
end;
var
top:student;
i:integer;
a:array[1..5] of student;
begin
clrscr;
with top do
begin
for i:=1 to 5 do
begin
writeln(i,'-student');
write('fam:'); readln(fam);
write('aty:'); readln(aty);
write('jasy:'); readln(jasy);
a[i]:=top
end;
end;
for i:=1 to 5 do
begin
with a[i] do
writeln(fam:20,aty:10,jasy:5);
end;
readln;
end.
Бұл мысалда type бөлімінде сипатталған комбинацияланған тип Student үш өрістен тұрады: fam:string[20]; aty:string[10]; jasy:integer; Айнымалыларды сипаттау бөліміндегі top айнымалысы типі Student болатын жазба. Осыдан кейін
әр элементінің типі Student болатын а массиві жарияланған. Ары қарай, цикл денесінде топтың әрбір студентінің фамилиясын, атын және жасын енгіземіз. Келесі цикл денесінде оларды экранға шығару ұйымдастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет