Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет71/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1
1515046519, 1544329362-1, 1544329362-1, О у жылында ы Баланы жеке даму картасы Баланы аты-ж ні Алтай Ж
Графикалық режимге өту
Экранға қандай-да бір бейнені шығаруды жүзеге асыратын Graph модулінің процедуралары мен функцияларын пайдалану үшін алдымен графикалық режимді іске қосу (инициировать) қажет. Графикалық режимге өтуді InitGraph процедурасы жүзеге асырады.
InitGraph процедурасы видеоадаптердің графикалық режимге өтуін жүзеге асырады. Тақырыбы:
Procedure InitGraph(var Driver, Mode: Integer; Path: string);
Мұндағы Driver – графикалық драйверді анықтайтын параметр; Mode – көрсетілген драйвер үшін мүмкін графикалық режимдердің біреуін көрсететін параметр; Path – графикалық драйвер файлының атауы (немесе жолы);
Егер Path параметрінің мәні бос жолға сәйкес келсе, драйвер файлын іздеу ағымдағы каталогта жүргізіледі.
Driver параметрінің мәні Graph модулінде жарияланған тұрақтылардың жиынтығымен шектеледі. Бұл тұрақтылардың атауы мен мәндері төмендегі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте.

Тұрақты атауы

Сандық код

Detect

0 (Автоанықтау)

CGA

1

MCGA

2

EGA

3

EGA64

4

EGAMono

5

IBM8514

6

HercMono

7

ATT400

8

VGA

9

PC3270

10

Егер Driver параметрінің мәні Detect(0) – ге тең болса, жүйе видеоадаптердің типін автоматты түрде анықтауға тырысады. Бұл жағдайда InitGraph процедурасы DetectGraph процедурасын шақырады. Егер графикалық аппараттық жабдық табылса, сәйкес графикалық драйвер инициализацияланып, графикалық режим іске қосылады. Мұнда DetectGraph процедурасы жұмысын аяқтағаннан кейін Driver және Mode параметр-айнымалыларының мәндері драйвердің сәйкес коды мен видеоадаптердің жұмыс режимінің мәндерін қабылдайды. Егер Driver параметрі Detect мәнінен басқа болса, драйвер көрсетілген мәнге байланысты таңдалынады. Осыдан кейін видеожүйе берілген Mode параметрі анықтаған режимге өтеді.


DetectGraph процедурасы (әдетте InitGraph процедурасымен шақырылатын) құрылғыны тестілеп, осы видеоадаптерге қандай графикалық драйвер мен режим сәйкес келетінін анықтайды. Тақырыбы:
Procedure DetectGraph(var Driver, Mode: Integer);
Мұндағы Driver – графикалық драйвердің сәйкес келетін типін анықтайтын параметр; Mode – осы драйвер қолдайтын графикалық режимдердің біреуін беретін параметр.
Driver параметріне Detect-тен басқа мән беру қажеттілігі DetectGraph процедурасы ұсынған драйверден басқа драйвер қолдану қажет болған жағдайда туындайды.

  • Егер InitGraph процедурасында белгілі бір драйвер (яғни Driver параметріне Detect-тен басқа мән берілсе) көрсетілсе, бұл жағдайда сол сияқты осы драйвер үшін мүмкін режим көрсетілуі қажет (Mode параметрі).

  • Автотабуды қолдану мақсаты – кез-келген видеоадаптерлі компьютерде жұмыс істейтін программа жасау екенін түсіну қажет. Егер графикалық драйвер мен режим анық көрсетілген болса, бұл жасалынған программаны қолдануды күрделендіреді.

Егер сіз автотабуды қолданбауға шешім қабылдасаңыз (яғни Driver параметріне Detect-тен басқа мән бергіңіз келсе), онда таңдалынған драйверге мүмкін графикалық режим көрсетуіңіз қажет. Әртүрлі видеоадаптерлерге арналған режимдерді анықтайтын тұрақтылар мен олардың сандық кодтары төмендегі 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет