Иерархиялық жазбалар(бірінің ішіне бірі салынған жазбалар) Жеке өрістің өзі жазба болып келетін жазбалар болады. Жоғарыда сипатталған employeе комбинациялық типінің сипаттамасына екі жазба өрісін қосайық. Бұл өрістер қызметшінің мекен-жайы (пошталық индексі, қала, көше, пәтер, үй) және оның туған күні (күні, айы, жылы) туралы ақпаратттан тұратын екі өріс қосайық. Осы өрістерді employeе комбинациялық типінің сипаттамасына тікелей қосуға болады бірақ, осы ақпаратты кейін басқа да комбинацияланған типке де пайдаланатын болсақ, программа сипатталғанда жеке тип ретінде жазған қолайлы. Содан кейін employeе типіне өріс ретінде қосамыз. Мысалы:
Type
Adress=record
Post Code:1..9999999;{ пошталық индекс}
City, street: string[20]; { қала, көше}
House: word; {үй}
Apartment: word {пәтер}
End;
Datе=record
Day:1..31;{күні}
Month:1..12;{айы}
Year:1900..2000{жылы}
End;
NewEmployeе=record
ID:word;
First name, second name, sur name: string [20];
Starding: byte;
Salary: real;
BirthDatе: Datе;
Habitation: address;
End;
Var
New Assistant: new employeе;
Жоғарыда сипатталған NewEmployeе комбинациялық типінде сегіз өріс бар. Олардың екеуі BirthDatе, Habitation өздері жазба болып табылады. Олардың типтері Datе, Address болып табылады, олар NewEmployeе типінің алдында жарияланған. Ішкі жазбалардың өрістеріне қол жеткізу үшін негізгі өріс атауы, ішкі жазба өріс атауы және өріс атауынан тұратын құрама атауды көрсету керек.
NewEmployeе.Address.PostCode
немесе
NewEmployeе.Date.Day
Егер, жазбалар бірнеше деңгейлі ішкі жазбаларға ие болса, онда құрама атаулар өте ұзын болады. Осы жағдайда жоғарыда сипатталған With операторы қолданады. 3-суретте NewEmployeе комбинациялық типінің құрылымы көрсетілген.