Жазу-оқу Turbo Pascal-да файлға ақпаратты жазуды және файлдан оқуды жүзеге асыру үшін текстік және типтендірілген файлдар үшін Read және Write процедуралары, ал типтендірілмеген файлдар үшін BlockRead және BlockWrite процедуралары қолданылады. Және де Read және Write процедураларын қолдану файл түріне байланысты (текстік әлде типтендірілген бе) ерекшеліктерге ие.
Read және Write процедураларынан өзге текстік файлдар үшін ReadLn және WriteLn процедуралары қолданылады.
Файл мазмұнымен жұмыс істеу Айталық, файлдық айнымалы жариялап, оны дисктағы қандай-да бір файлмен байланыстырдық, содан кейін оны RESET немесе REWRITE процедурасының көмегімен аштық. Ары қарай не істеуге болады? Файлдың мазмұнымен оны оқу мен оған жазудан басқа не істеуге болады?