Атауға арналған ережелер
Файл атауының жалпыланған түрі MS DOS операциялық жүйесінің атау ережесі бойынша құрылып, төмендегідей болады.
диск: \жол\ файл_атауы
Мұндағы диск: - бұл компьютер дискілерінің біреуінің атауы.
Жол – бұл каталог.
Файл_атауы – осы каталог аясындағы белгілі файл идентификаторы.
Файл атаулары
Файл атауы сегіз символға дейін қамтып, кеңейтілумен толықтырылуы мүмкін (үш символға дейін). Файл атауы мен кеңейтілу нүкте арқылы ажыратылады. Файл атауында латынның үлкен кіші әріптері, цифрлар, сол сияқты !, @, #, $, %, ^, &, *, (, ),’,~, -, _ символдары болуы мүмкін. Және де файл атауларында ? . , ; : * / \ + « | символдары кездеспеу керек. Файл атауларына мүмкін символдарды каталог атауларына да қолдануға болады.
Turbo Pascal программасында дисктегі файлды жарияланған файлдық айнымалымен былай байланыстыруға болады.
Var
f1:file;
Begin
...
Assign (f1,’c:\sys\into.sys’);
...
end.
Assign процедурасының параметрі ретінде дисктегі файл атауының орнына белгілі құрылғыларға резервтелген құрылғының символдық атауын қолдануға болады.
6-кесте
Символдар
|
Құрылғылар
|
CON
|
Консоль
|
PRN, LPT1, LPT2, LPT3
|
Принтерлер
|
AUX, COM1, COM2
|
Коммуникативті каналдар
|
NUL
|
Жалған (фиктивті) құрылғылар
|
CON- консольдың символдық атауы. Консоль деп – бір мезетте пернетақта да және монитор да аталады. CON логикалық атауын assign процедурасында файл атауының орнына көрсетуге болады, яғни, ақпаратты пернетақтадан енгізу және экранға шығару қажет болған жағдайда қолданылады.
PRN – принтердің символдық атауы. Оны assign процедурасының параметрі ретінде ақпаратты принтерден басып шығру қажет болған жағдайда қолданамыз. Және де бірнеше принтерлер жалғанған болса, тағы да бірнеше символдық атаулар бар: PRN, LPT1, LPT2, LPT3 - өзара синоним атаулар.
AUX – коммуникациялық каналдың символдық атауы. Коммуникациялық канал басқа компьютермен, құрылғылармен ақпарат алмасуға арналған канал. AUX атауын assign процедурасының параметрі ретінде ақпаратты басқа компьютерге жіберу немесе сырттан қабылдау қажет болған жағдайда қолданамыз. MS DOS–та AUX-тан басқа тағы да бірнеше коммуникациялық каналдардың символдық атауы бар: СОМ1,СОМ2
NUL – жалған (фиктивті) құрылғының символдық атауы. Айталық, қандай да бір программаның қателіктерін түзеу процедурасы жүріп жатыр. Бұл программада басқаларымен қатар нәтижені шығару амалы бар. Ал дискідегі орын шектеулі. Бізге қажетсіз ақпаратты шығару қажет болсын. Мұндай жағдайда шығару құрылғысы ретінде жалған құрылғыны қолдану қолайлы.
Әртүрлі логикалық құрылғылармен файлдық айнымалыларды байланыстыру мысалы:
Var
f1, f2, f3, f4, f5:file;
begin
…
Assign (f1,’CON’);
Assign (f2, ‘LPT1’);
Assign (f3, ‘PRN’);
Assign (f4, ‘AUX’);
Assign (f5, ‘NUL’);
…
End.
Файлдардың үстінен қандай да бір әрекеттер орындау үшін Assign процедурасын шақыру керек. Assign процедурасын шақырғаннан кейін көрсетілген файл мен файлдық айнымалы арасында осы программа жұмысы аяқталғанға дейін байланыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |