Нұсқауыш қалпы Нұсқауыш үшін, ол айнымалыларды сипаттау бөлімінде жарияланғаннан кейін үш қалып мүмкін. Нұсқауыш қандай-да бір айнымалы адресінен, NIL «бос» адрестен тұруы мүмкін немесе анықталмаған қалыпта болуы мүмкін. Бірінші жағдайды түсіндірудің қажеті жоқ. Екінші жағдайда, егер нұсқауыштың ештеңеге нұсқауы қажет болмаса, онда оған арнайы NIL мәні меншіктеледі. Ал анықталмаған қалыпқа келетін болсақ, ол программа жұмысы басында (нұсқауышқа қандай-да бір адрес немесе NIL мәні меншіктелгенге дейін) немесе осы нұсқауыш сілтейтін жадыны босатқаннан кейін орын алады.