TURBO3 және GRAPH3 модульдері. Бұл модульдер Turbo Pascal 3.0 версиясымен үйлесімділікті қолдау үшін жасалған. Turbo Pascal-дың бұл ескі версиясы қолданылмайтындықтан бұл модульдердің қазіргі кезде маңызы жоқ.
GRAPH, TURBO3 және GRAPH3 модульдарынан басқасы TURBO.TPL кітапханалық файлында орналасады. Ал бұл аталған үш модульге өз атауларына сәйкес және .TPU кеңейтілуі бар жеке файлдар қарастырылған.
Модуль құрылымы
Turbo Pascal-да модуль – жеке компиляцияланатын бірлік болғандықтан кәдімгі программаның құрылымына ұқсас болады.
Модульді дұрыс компиляциялау үшін оның атауы модуль сақталатын дискідегі файлдың атауымен сәйкес келуі керек. Мысалы,
Unit Сomplex;
болса, онда оның мәтіні Сomplex.pas атауымен сақталуы қажет. Модуль атауы оның басқа программалар немесе модульдермен байланысы үшін қажет. Бұл байланыс арнайы сөйлеммен жүзеге асады:
Uses <Модульдер тізімі>;
Мысалы,
Uses CRT, Graph, Complex
Модульдың құрылымы схематикалық түрде төмендегідей бейнеленеді:
Достарыңызбен бөлісу: |