Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет92/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

DOS модулі. Мұнда программадан MS DOS құралдарына қатынас жасауға және файлдарды басқаруға мүмкіндік беретін процедуралар мен функциялар жинақталған.
CRT модулі. Бұл модульдің ішкі программалары экранның текстік режимін түстер мен терзелерді, символдардың жарқырау ашықтығын қолданумен басқаруға, сол сияқты пернетақтаның кеңейтілген кодтары мен дыбысты басқаруға мүмкіәндік береді.
PRINTER модулі. Бұл модульде LPT1 жүйелік құрылғысымен байланыстырылған, TEXT типті LST файлдық айнымалысы жарияланады.
Var
Lst:text;
Begin
Assign(lst, ‘LPT1’);
Осыдан кейін программада баспаға шығаруды көрсету қажет болса, lst айнымалысын Write процедурасының бірінші параметрі ретінде көрсету жеткілікті (ол үшін текстік файлды жариялап, бекітіп, ашып, жабудың қажеті жоқ).
Write(lst, ‘LPT1’);
Әрине, LST файлдық айнымалысын программада қолдану үшін осы программаға PRINTER модулін қосуды ұмытпау қажет.
GRAPH модулі. Экранның графикалық режимін басқаруға арналған көптеген ішкі программалардан, сол сияқты тұрақтылар, типтер мен айнымалылыардан тұрады. Модульдің ресурстары экранның кез-келген писеліне қатынас жасап, оның жарықтануын басқаруға мүмкіндік береді.
GRAPH модулін графикалық драйверсіз (біреуін немесе бірнешесін, бұлар - .BGI кеңейтілуі бар файлдар) іске қосу мүмкін емес. Көрсетілген файлдар модуль құрамына енбейді, бірақ Turbo Pascal 7.0 –мен бірге әкелінеді (олар BGI каталогында орналасады). Ал егер программада векторлық қаріптер (шрифттер) қолданылса, драйверлерге қосымша ретінде қаріп файлдары қажет болады (.CHR кеңейтілуі бар файлдар).
OVERLAY модулі. Үлкен программаларды дайындау кезінде оларды жүктеу үшін компьютер жадысының жетіспейтін жағдайлары кездеседі. Turbo Pascal программаны жеке сегменттерге (оверлейлік сегменттер) бөлу арқылы тұғырықтан шығуды ұсынады. Осы кезде әр мезетте жадыға ағымдағы әрекетті орындауға қажетті программа бөлігі жүктеледі. Программаны оверлейлерге бөлу құралдары OVERLAY модулінде қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет