Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет91/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Стандартты модульдар
Turbo Pascal-дың құрамына дайын типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар жиынтығы бар стандартты модульдар жиыны (барлығы 8) енеді. Олар: SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, GRAPH, OVERLAY, TURBO3 және GRAPH3. Оларды пайдаланушы программаларында шектеусіз қолдана беруге болады. Turbo Pascal-дың құрамына енетін стандартты модульдерден басқа мамандандырылған модульдерді Интернеттен табуға болады. Дайын модульдердің ресурстарын программада қолдану үшін қажетті модульді программаға қосу керек.
Стандартты модульдерге тоқталайық:
SYSTEM модулі Turbo Pascal-дың кез-келген программасына автоматты түрде қосылады, яғни оның ресурстарын ешқандай әрекетсіз бірден қолдануға болады. Мысалы Read, Readln, Write, Writeln процедуралады SYSTEM модулінен алынады. Көптеген арифметикалық есептеулерге, файлдармен жұмыс істеуге, динамикалық жадыны пайдалануға арналған және т.б. функциялар мен процедуралар сол сияқты SYSTEM модулінде қамтылған.
Басқа модульдардың (SYSTEM модулінен басқа) құралдарын программада қолдану үшін бұл модульдарды программаға қосу қажет. Ол үшін қажетті модульдің атауын USES сөзінен кейін көрсету жеткілікті.
Мысалы:
Uses dos;
Begin
Writeln(DiskFree(3) div 1024, ‘Кбайт бос’);
End.
USES – бұл «қолданылады» мағынасын беретін резервтелген сөз. Мысалдағы программа фрагментінде DOS модулінен белгілі дисктегі борс кеңістік көлемін беретін DiskFree функциясы қолданылған. (функция параметрінің 3-ке тең мәні С: дискісіне сәйкес келеді, ал көлем Кбайтпен көрсетілу үшін функция мәні 1024-ке бөлінген).
Осылайша басқа кез-келген модульдерді (ол стандартты немесе пайдаланушы жасаған болсын) программаға қосуға болады. Және де оларды модульдерге топтап қосуға болады.
Uses dos, crt, graph;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет