Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет96/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Жүзеге асыру бөлігі. Бұл бөлік интерфейстік бөлікте жарияланған процедуралар мен функциялардың денелерінен тұрады. Мұнда модуль үшін жергілікті болып табылатын объектілер де (қосымша типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар және т.б.) жариялана алады. Ал интерфейстік бөлікте тақырыптары көрсетілген процедуралар мен функциялар сол ретпен сипатталуы қажет. Мысалы 1-суреттегі 3-ші жүзеге асыру бөлігінде алдымен Summa процедурасы, екінші proizvscal процедурасы, соңынан proizvvect процедурасы сипатталған.
Орнататын бөлік. Ол өзін бастайтын Begin сөзімен бірге болмауы мүмкін немесе бос болуы мүмкін. Бұл бөліктекейбір программа фрагменттерінен тұратын орындалатын операторларды орналастырады. Бұл операторлар негізгі программаға басқаруды бермес бұрын орындалады да, әдетте оны жұмысқа дайындау мақсатына қолданылады. Мысалы, орнататын бөлікте қажетті файлдар ашылады, айнымалыларға мәндер беріледі және т.б.



МОДУЛЬДЕР КОМПИЛЯЦИЯСЫ

Егер программаны компиляциялау нәтижесінде .EXE кеңейтілуі бар файл алынса, ал модульді компиляциялау нәтижесінде .TPU кеңейтілуі бар файл алынады. Turbo Pascal-да компиляцияның үш режимі мүмкін: COMPILE, MAKE және BUILD. Олар бір-бірінен тек компиляцияланатын модульдің немесе негізгі программаның Uses сөйлемінде жарияланған басқа модульдермен байланысу тәсілдерімен ғана ерекшеленеді.


COMPILE режимінде компиляциялау кезінде Uses сөйлемінде көрсетілген барлық модульдер алдын-ала компиляцияланып, олардың нәтижесі атауы бірдей болатын .TPU кеңейтілуі бар файлдарда сақталуы қажет.
MAKE режимінде компилятор әрбір жарияланған модуль үшін TPU-файлдардың бар-жоқтығын тексереді. Егер файлдардың біреуі жоқ болса, жүйе бірдей атауы бар PAS-файлдарды (яғни, модульдің мәтіні сақталған бастапқы файлды) іздей бастайды және оны компиляциялауға кіріседі. Бұл режимде жүйе кез-келген қолданылған модульдің мәтінінде болған өзгерістерді бақылап отырады. Егер бастапқы мәтінге қандай-да бір өзгерістер енгізілсе, TPU-файлдың бар-жоқтығына қарамастан негізгі программаны компиляциялаудан бұрын оның компиляциясын қайта жасайды. Егер өзгеріс модульдің интерфейстік бөлігіне енгізілсе, онда осы модульмен қатынаста тұрған басқа модульдер де қайта компиляцияланады.
BUILD режимінде TPU-файлдар есепке алынбайды, ал жүйе жарияланған әрбір модуль үшін сәйкес PAS-файлдарды іздеп, оны компиляциялайды. Бұл режимде компиляциялағаннан кейін модульдардың кез-келгенінде жасалынған өзгерістер есепке алынғанына сенімді болуға болады.
Мысал ретінде 1-суретте көрсетілген Vect модулін төмендегі программада пайдалануды көрсетейік:
program primermodul;
uses vect;
var a,b,c:vector;
begin
writeln('Vvedite koord vect a');
with a do
readln(x,y,z);
writeln('Vvedite koord vect b');
with b do
readln(x,y,z);
summa(a,b,c);
writeln('summa vect a+b=',c.x:2,c.y:2,c.z:2);
proizvscal(a,b,i);
writeln('scal proizv vectorov a i b=',i:2);
proizvvect(a,b,c);
writeln('vect proizv vect a i b=',c.x:2,c.y:2,c.z:2);
readln;
end.

14-дәріс. Объектіге арналған бағдарламалау (ОББ).



  1. ОББ-ның негізгі принциптері.

  2. Инкапсуляция. Мұрагерлеу. Полиморфизм.

  3. Объектілік типті сипаттау. Виртуальды әдістер.

НБП құрылымдық программалаумен салыстырғанда, әлдеқайда жетілдірілген түрі. Программалау ғылымының дамуының белгілі кезеңінде күрделі есептің шешімін жеңілдету үшін оны қарапайым ішкі есептерге бөлу туралы ұғым қалыптасты. Мәселе программаның көп операторлардан емес, салыстырмалы түрде алғанда өз бетінше бөліктер жиынтығынан тұруында болды. Ішкі программалар программисттерді қарапайым есептердің мазмұнына терең үңілуден құтқарды, яғни ішкі программа жасалынғаннан кейін оның қалай құрылғанын білмей–ақ, оны қолдана беруге болады. Белгілі бір процедураның, функцияның қандай қызмет атқаратынын білу жеткілікті. Соңынан құрылымдық программалау одан әрі дамыды, яғни модульдер концепциясы дүниеге келді. Модуль – Turbo Pascal-дің тұрақтылар, мәліметтер типі, айнымалылар, сол сияқты процедуралар мен функциялар сипатталатын компиляцияланатын файлдары.


НБП – бұл программалаудың ескі әдстемесінің табиғи эволюциясының нәтижесі болып табылады. Ішкі программалар программистке қарапайым есептердің мазмұнына енбей-ақ қолдануға болатыны сияқты объектілер мен де, олардың қалай ұйымдастырылғанын білмей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет