Зертханалық жұмыс №7 Тақырыбы: Циклдік (қайталау) оператор Мақсаты: Циклдік (қайталау) оператор операторы түсінігімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді программалап үйрену Кейбір программалардың белгілі бір операторлары бірнеше рет қайталанып отыруы мүмкін. Мұндай болып келген операторлар тізбегін цикл операторлары деп атайды. Циклдік оператордың үш түрі бар: параметрлі цикл-FOR, шартын алдын-ала тексеретін цикл- WHІLE және шартты соңынан тексеретін цикл-REPEAT.
Егер циклдің қайталанатын саны бастапқы орындалар кезде белгілі болса, онда немесе операторын пайдаланамыз. Енді осы операторларға тоқталайық.