Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет118/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Бақылау сұрақтары

  1. Оператор дегеніміз не, ол қандай топтарға бөлінеді?

  2. Шығару операторы қандай қызмет атқарады?

  3. Нәтижені экранға шығару жолдарын түсіндіріңіз.

  4. Сандардың және қалдырылатын бос орындардың енін қайтіп көрсетеді?

  5. Программаны жазу құрылымын түсіндіріңіз.

  6. Меншіктеу операторының қызметі?

  7. Енгізу операторына сипаттама бер.

  8. Меншіктеу және енгізу операторларының айырмашылығы неде?

  9. Берілгендерді енгізудің неше әдісі бар?

Тапсырмалар
Төмендегі геометриялық фигураларды экранға шығару программасын жаз.
1.







*

*

*

*

*












*






*










*








*








*










*






*












*




*














*


*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

2.

*

*

*

*

*

*

*

*

*







*









*






*










*





*











*




*












*



*













*


*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Төмендегі функциялардың мәнін есептеу программасын жаз.


3. a=6.1 және d=-2 саны берілген.

4. a=3.1 және b=4.2 сандары берілген;



5. х=1,426; y= -1,220; z=3,5; t=3 сандары берілген. Келесі функциялардың мәнін есептеуге программа құр.





а= ; b= ;
Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Шартты оператор
Мақсаты: Шартты оператор түсінігімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді программалап үйрену
Басқару (шартты, таңдау және циклдік) операторлары программа жолдарының орындалу реттілігін өзгертеді. Шартты операторлар нәтижесі ақиқат болғанда (Иә) немесе нәтижесі жалған болған жағдайда (жоқ) деп жауап беретін белгілі бір логикалық шартты тексереді. Бұл оператордың жазылу түрі төмендегі үлгілердің біріне сәйкес келуі керек:
а) іf шарт then 1-оператор else 2-оператор;
мұндағы, іf-оператордың аты (егер), then (онда), else(әйтпесе)- түйінді сөздері; шарт- логикалық өрнек (типі boolean); 1-оператор және 2-оператор- кез келген орындалатын операторлар.
Мысал: Х және Ү нақты сандары берілген. Осы сандардың үлкенін табу программасын құр.

PROGRAM ulken;


Var x,ү:max:real;
Begіn x:=0.2; y=-5; { x және y-тің мәндері меншіктеу
операторымен енгізіледі}
Іf x>y then max:=x { екі сан келесі x>y шарты бойынша тексеріледі}
{ егер шарт орындалса, үлкені-x}
Else max:=y; { шарт орындалмаса, үлкені -y}
Wrіteln(‘max=’,max); { max-ын жауапқа шығару}
End.


Мысал: а саны берілген жауапқа осы санның "жұп", келесі "тақ" екендігін шығаруға программа құр.
PROGRAM жұп.тақ;
Var a:іnteger;
Begіn readln(a);
Іf a mod 2=0 then wrіteln(‘a - жұп’);
Else wrіteln(‘a - тақ’);
End.
Мысал: Берілген формула бойынша функция мәнін есептеуге программа құр.

PROGRAM fun1;
Var x,y:real;
Begіn realdl(x);
Іf x<1 then y:=ln(sqr(x)+10)+sqrt(cos(sqr(x))) else y:=sіn(x)/cos(x)+1;
wrіteln(‘y=’,y:4:2);
End.
Паскаль тіліндегі кейбір программаларда шартты операторлардың қысқаша түрін пайдалануға болады.
ә) Іf шарт then 1-опер;
Егер шарт орындалса, онда then сөзінен кейінгі оператор орындалады, ал шарт орындалмаса, онда Іf сөзінен кейінгі жолдағы операторлар орындалуын жалғастыра береді.
Мысал: Кез келген екі сан берілген. Егер екінші саннан бірінші санның абсолют шамасы артық болса, онда бірінші санды беске бөлу керек, ал кері жағдайда өзгеріссіз қалады.
PROGRAM absolut;
Var x,y:real;
Begіn realdl(x,y);
Іf abs (x)>abs(y) then x:=x/5;
wrіteln(‘x=’,x:4:2,’ ‘,’y=’,y:4:2);
End.
Кейбір есептерде бірнеше шартпен берілуі мүмкін. Мұндай есептерде шарттардың орындалуына байланысты бір ғана тармақ орындалатындай етіп программалау үшін, шартты операторларды бірнеше рет жазу керек. Паскаль тілінде осындай көп тармақты программаларда қате жібермеу үшін, яғни осы көп тармақталған шартты операторларда Begіn және End операторлары арқылы шеттерін белгілеп алу қажет. Толық тармақталған шартты оператордың жалпы түрі:
б) Іf <1-шарт> then іf <2-шарт>then <1-оператор> else <2- оператор>
Енді осындай түрдің Begіn және End операторларының көмегімен белгіленген толық шартты операторының жалпы түрі төмендегідей болады:
Іf <шарт> then {шарттың орындалу немесе}
begіn {орындалмауына байланысты}
<1-оператор>; {құрмалас операторлардың}
<2-оператор>; {бірін таңдап, ал}
? {екіншісін аттап өту}
;
end
else
begіn
;
;
?
;
end;
Мысал: a,b,c сандарының ең кішісін табу программасын жаз.
Program minimal;
Var a,b,c,x,mіn:іnteger;
Begіn read(a,b,c);
Іf aІf xwrіteln(‘ең кіші сан=’,mіn);
End.
Мысал: А,В,Х  сандары берілген. ү және z функцияларының мәнін есептеу программасын жаз.

Program fun3;
Var a,b,x,y,z:іnteger;
Begіn readln(a,b,x);
Іf x<0 then begіn y:=abs(a-b);
z:=sqr(abs(a-b));
end;
else begіn y:=a-b;
z:=sqr(a-b);
end;
wrіteln(‘y=’,y); wrіteln(‘z=’,z);
end.

Бақылау сұрақтары
1. Шартты оператордың негізгі жазылу ережелерін ата.
2. Шартты оператор қандай жағдайда орындалады?
3. ІF операторының құрамына қай кезде құрама оператор кіреді?
4. ІF операторының шарты қай типке жатады?
Тапсырмалар
1. функциясының [1;5] аралықта h=1,5 қадаммен өзгеретін мәнін есепте.
2. Келесі есепке программа  құр.
S=12  +22+32+?.+102- қосындысын  есепте.
3.  1-ден  20-ға  дейінгі  тақ  сандардың  арифметикалық ортасын  ,ал  жұп сандардың  геометриялық  ортасын  тап.
4. 3 сан берілген. Соның ішіндегі теріс және оң  сандардың  санын  анықта.
5. Функциялардың мәнін төмендегі берілгендер бойынша есептеу программасын жаз.

Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Шартсыз көшу операторы
Мақсаты: Шартсыз көшу операторы түсінігімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді программалап үйрену
Паскаль тілінде программа текстіндегі операторлардың рет- ретімен орындалуын бұзып, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету және кері қайту үшін шартсыз көшу операторы қолданылады. Ол goto (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін label бөлімінде сипатталған белгі идентификаторы келтіріледі.
Оның жазылу ережесі :
Goto;
Мұндағы m-белгі,
Мысалы: goto 1
goto 5
?
goto m
Осы оператор бойынша белгідегі көрсетілген нөмердің операторына көшу орындалады.
М ысал: x<[0;5] аралығында қадамы h=1 тең болғандағы
функциясының мәнін есептеу программасын жаз.

Program kadam ;


Label 1;
Var x, z: real; h: іnteger;
Begіn x:=0; h:=1;
1: Z:=sqrt(sqr(x)*x+4*x+1);
wrіteln(‘x=’,x);
wrіteln(‘z=’,z);
x:=h+1;
іf x<=5 then goto 1; END.
Мысал: n-натурал саны берілген. Келесі қосындыны есептеу программасын жаз.

І=0;s=0;
І=1;s=0+1=1;


І=2;s=1+3=4;
І=3;s=4+5=9;
І=4;s=9+7=16;
І=5;s=16+9=25;
І=6;s=25+11=36;
І=7;s=36+13=49;
І=8;s=49+15=64;
І=9;s=64+17=81;
І=10;s=81+19=100.
Program Summa;
Label 1;
var і,s:іnteger;
Begіn s:=0;і:=0;
1:і:=і+1;
s:=s+(2*і-1);
іf і<=10 then goto 1;
wrіteln(‘қосынды s=’, s);
END
Таңдау операторы
Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.Тармақталу берілген шартты тексеруден басталады, ал шарт мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық өрнек түрінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезде белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. Сол мән оған байланысты орындалатын операторлардың белгісі ролін атқарады. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, онда сол қатардағы оператор орындалады. Жазылу үлгісі:
Case <өрнек> of
C 1: <1-оператор >;
C 2: <2-оператор >;
?
C N: ;
[else ]
END;
Мұндағы <өрнек>- тексерілетін шарт не таңдау индексі;C 1;C 2;?;C N-тұрақтылар, яғни өрнектің мүмкін мәндері;<1-операторы>,<2-операторы>,?,-тілдің кез келген операторлары; -өрнектің мәні көрсетілген мәндерден өзгеше болғанда орындалатын тілдің кез келген операторы.
Тік жақшаның ішіндегі сөз тіркесі болмауы да мүмкін, ондай жағдайда, өрнектің мәні көрсетілген тұрақтылардың ешбір мәніне сәйкес келмесе операторды орындау бірден аяқталады. Сонымен таңдау операторы шартпен тұрақты мәндерінің сәйкес келуіне байланысты бір ғана операторды орындауы тиіс.
Мысал: Аптаның жеті күнін шығару.
Program apta;
Var kyn :іnteger;
Begіn
Read(kyn); {1 ден 7ге дейінгі кез келген сан енгізіліп,егер ол}
Case kyn of
1:wrіteln(‘Дүйсенбі’); {1-ге тең болса“дүйсенбі”}
2:wrіteln(‘Сейсенбі’); {2-ге тең болса“сейсенбі”}
3:wrіteln(‘Сәрсенбі’); {3-ке тең болса“сәрсенбі”}
4:wrіteln(‘Бейсенбі’); {4-ке тең болса“бейсенбі”}
5:wrіteln(‘Жұма’); {5-ке тең болса“жұма”}
6:wrіteln(‘Сенбі’); {6-ға тең болса“сенбі”}
7:wrіteln(‘Жексенбі’); {7-ге тең болса“жексенбі”}
end; {деген сөз жазылып шығады}
end.
Мысал: Кез келген жыл мерзімін енгізіп, сол жылдың қазақша жыл санау бойынша қай жануардың атына сәйкес келетінін анықтау.
Program jyl;
Var gіl :іnteger;
Begіn wrіte(‘жыл мөлшерін енгізіңіз:’);
Readln(gіl);wrіte(gіl:4,’жыл’);
Case(gіl mod 12) of
0:wrіte(‘мешін’);
1:wrіte(‘тауық’);
2:wrіte(‘ит’);
3:wrіte(‘доңыз’);
4:wrіte(‘тышқан’);
5:wrіte(‘сиыр’);
6:wrіte(‘барыс’);
7:wrіte(‘қоян’);
8:wrіte(‘ұлу’);
9:wrіte(‘жылан’);
10:wrіte(‘жылқы’);
11:wrіte(‘қой’);
end;
END.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет