Паскальтілінің операторлары Операторлар программаның BEGІN және END түйінді сөздерінің аралығында орналасады. Оператор дегеніміз алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Оларды жазылу ретіне қарай бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы ажыратып жазады. Экран бетіне бірнеше мәлімет орналастыру кезінде бір жолға бірнеше операторды жазуға болады. Керек жағдайда жолдардың арасында не соңына жүйелі жақшаға алынған түсініктеме сөздерді қазақша әріптермен терген орынды.
Операторлар қарапайым және құрмалас болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар құрамында басқа операторлар болмайды, яғни ол тек бір оператордан тұрады. Оған меншіктеу, көшу, процедураны шақыру, енгізу-шығару операторлары жатады.
Құрмалас операторлардың құрамына бірнеше қарапайым операторлар енеді, олар: шартты, таңдау және үш циклдік операторлар болып бөлінеді.