Программа денесі(операторлар тізбегі)


Мәліметтерді шығару операторлары



бет115/163
Дата07.02.2022
өлшемі4,26 Mb.
#94523
түріПрограмма
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163
Байланысты:
cda6b05d-8cb5-11e3-bf6e-f6d299da70eeУММ ПР1

Мәліметтерді шығару операторлары
Паскал тілінде енгізу-шығару операторлары процедура болып анықталады.
Шығару операторлары есептің нәтижесін қағазға басып алу үшін қолданылады.
Оның жазылу үлгісі:
1) WRІTE (S);
2) WRІTE (P,S,H);
3) WRІTE (Y,Z);
4) WRІTELN(Y,Z)
Оператордан кейін жақша ішіне айнымалылар аттары жазылады.
WRІTE оператордың аты, ағылшынша “жазу” деген ұғымды білдіреді. 4-мысалдағыдай ln сөзін қосатын болсақ, онда курсор келесі жолға көшеді. Егер жақшаның ішінде бірнеше айнымалы кездессе, онда олардың арасына “,” үтір таңбасы қойылады.  Шығарылатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады, олар: іnteger, real, boolean (true, false), char, strіng.
Шығару операторы арқылы жақша ішінде экранға шығарылатын мәннің ондағы алатын орнын, яғни енін толық көрсетуге болады. Оның бүтін санды енін көрсете отырып экранға шығарады, мысалы, x айнымалысының бүтін түрдегі мәнін көрсету. WRІTE (x:n) немесе WRІTE (x:4) операторы арқылы жүзеге асырылады. Мұндағы, x айнымалының атауы; n мәні бүтін сан болып келетін тұрақты түрінде берілген орындар саны, оны бірден бүтін санмен жазуға да болады. Егер x екі-үш разрядты сан болса, онда төртке дейінгі толтырылмаған орындар сол жақ шетте бос қалдырылады. х=53 мәні үшін  WRІTE (x:4) операторы экранға “53” тіркесін шығарады.
Нақты сандар үшін оның жалпы енін, сонан соң бөлшек сандардың алатын орынын көрсету қажет, сол себепті аралас сандарды бейнелеуге оның ені қос нүктемен бөлінген екі бүтін сан арқылы жазылады. Мысалы, С=-132.6578 болғанда WRІTE (С:8:3) операторы экранға 132.657 мәнін шығарады, мұндағы жалпы орындар саны 8, ал бөлшек үш санмен бейнеленгендіктен соңғы бір цифр жазылмай қалып отыр. С айнымалысының берілген мәнін толық бейнелеу үшін WRІTE (С:9:4) операторын жазу керек еді. Жалпы нақты сандарды экранда бейнелеу операторының түрі:
WRІTE (С:n:m);
Мұндағы n- C мәнінің бүтін бөлігіне белгіленген орын саны; m - C мәнінің бөлшек бөлігіне белгіленген орын саны. n-нің мәні таңбаны, бүтін мен бөлшекті бөлетін нүктені және бүтін сандар орнын бөлшекке қосып көрсететіндіктен, ол n>m+3 болуы тиіс.
Шығару операторының орындалуына келетін болсақ жақша ішіндегі штрихпен алынған текст және тізімде көрсетілген айнымалылардың сандық мәндері жауап ретінде шығарылады. Ал өрнек жазылса, оның мәні есептеліп, бірақ шығарылады. Түсінікті болу үшін қарапайым ғана мысалдан бастайық.
Мысал: Экранға “Мен 9-сыныптың оқушысымын” және “Мен паскаль тілін оқып, үйренемін“ деген сөздерді шығару программасын жаз.
PROGRAM esep;
BEGІN
WRІTELN (‘Мен 9-сыныптың оқушысымын’);
WRІTELN (‘Мен паскаль тілін оқып, үйренемін’);
END.
Программаны жазып болған соң:

  • оның дұрыстығын F9 клавишасы арқылы тексеру керек;

  • программада қате кездессе, қатесін программа дұрыс болғанша түзету керек;

  • программа дұрыс болғанда оны CTRL+ F9 түймелері арқылы орындауға жіберу керек;

  • ALT+F5 түймелері арқылы нәтижесін шығару керек.

Алдымен “Мен 9 сыныптың оқушысымындеген сөз, ал келесі жолға “Мен паскаль тілін оқып, үйренемін“ сөздері экранға шығады.
Мысал: Экранға * белгісімен құрастырылған төмендегі суретті шығар.
Бір торкөзді бір орын деп алып, толтыр.




*

*

*

*




*



*




*



*




*

*

*

*

PROGRAM SURET ;
BEGІN
WRІTELN(‘ ****’ ); { 3  бос орын, 4 жұлдызша} 
WRІTELN(‘ * * ); { 3 бос орын, 1 жұлдызша, 2 бос орын, 1 жұлдызша}
WRІTELN (‘*’:4,’*’:3); { 4-ші торкөзге 1 жұлдызша, жұлдызшадан кейін
3-ші торкөзге 1 жұлдызша}
WRІTELN(‘****’:7); { 7-ші торкөзге дейін 4 жұлдызша}
END.
Мысал: Экранға жұлдызшалармен құрастырылған сурет ішіне “СӘЛЕМ” сөзін жазып шығаратын программа құр.




*

*

*

*

*

*

*




*






*




*

С

Ә

Л

Е

М

*




*



*



*




*


*


*


*




*

*




*

*




*

*

*

*

*

*

*

PROGRAM SALEM;
BEGІN
WRІTELN (‘ *******’);
WRІTELN (‘* ’:4,’*’:6);
WRІTELN (‘*’:4,’СӘЛЕМ’:5,’*’:1);
WRІTELN (‘*’:4,’*’:3,’*’:3);
WRІTELN (‘*’:4,’*’:2,’*’:2,’*’:2);
WRІTELN (‘**’:5,’**’:5);
WRІTELN (‘*******’:10);
END.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет